26.10.2010, 13:46 9650

Қазақстанда парламент сайлауы белгіленген мерзімінен бұрын өтуі мүмкін

Қазақстанда парламент сайлауы белгіленген мерзімінен бұрын өтуі мүмкін

Астана. 26 - қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда парламент сайлауы белгіленген мерзімінен бұрын өтуі мүмкін. Бұл туралы кеше журналистерге берген сұхбатында ҚР парламентінің сенат депутаты Тасбай Симамбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бізде заң бойынша президент сайлауы өтетін жылы парламент сайлауы өтуге тиіс емес. Бұл Конституция бойынша солай. Сондықтан президент сайлауы мен парламент сайлауы қатар келуі бізді заңымызға қайшы, деп ойлаймын",- деді Т. Симамбаев.

Ол осыған байланысты "парламент сайлауының мерзімінен бұрын өткізілуі әбден мүмкін", екендігін айтып өтті.

Естеріңізге сала кетсек, ҚР парламенті мәжілісінің сайлауы 2007 жылы өткен болатын, яғни қазіргі шақырылымдағы депутаттардың өкілеттілігі 2012 жылы тоқтатылады.

Қазақстандағы президент сайлауы да 2012 жылы өтуге тиіс.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны