30.06.2008, 10:04 3195

Қазақстанда парламентті кем дегенде екі партияны ескере отырып қалыптастыратын құқықтық механизм құрылуы керек - Назарбаев

Қазақстанда парламентті кем дегенде екі партияны ескере отырып қалыптастыратын құқықтық механизм құрылуы керек - Назарбаев

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда парламентті кем дегенде екі партияны ескере отырып қалыптастыратын құқықтық механизм құрылуы керек. Бұл туралы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламенттік ассамблеясының 17-сессиясының пленарлық отырысының ашылуы барысында сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Мемлекет басшысы демократия үлгісінің қазіргі заманға сай түсінігіне негізделген Қазақстан Конституциясының әлеуеті қазіргі уақытта қоғамды одан әрі қарай демократияландырудың бірнеше маңызды бағыттарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

"Біріншіден, бұл парламентті кем дегенде екі партияны ескере отырып қалыптастыратын құқықтық механизм құру, екіншіден, саяси партияларды мемлекеттік тіркеу үшін бұдан да қолайлы жағдайлар жасау. "Сонымен бірге, саяси партиялардың құрылуы мен олардың іс-әрекеттері біздің Конституциямызға толығымен сәйкес келуі керек екендігі түсінікті жайт екенін айта кету керек", - деп толықтырды ол.

Президенттің айтуынша, үшінші бағыт - электоралдық процестің процедуралық жақтарын жетілдіру. Және төртінші бағыт - БАҚ қызметін реттейтін артық бюрократиялық кедергілерді алып тастау. "Бұл ретте мемлекет БАҚ қызметі адам құқықтарының, әлеуметтік, конфессиялық толеранттылықтың, біздің еліміздің қоғамдық қауіпсіздігінің бұзылуының себепкері болмауын қадағалауы керек", - деп атап көрсетті Н. Назарбаев.

"Осы қағидалар мен ұсыныстарды біздің парламент қарастырады деп үміттенем", - деп сөзін түйіндеді мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны