19.04.2013, 11:14 4775

Қазақстанда ПИК жұмысшыларының тек 20%-нда ғана бейінді білім бар

Республикада пәтер иелері кооперативінің (ПИК) жұмысшыларының арасында тек қызметкерлердің 20% ғана бейінді білім алғандар, деп хабарлады бүгін "Жасыл" экономикаға үлес ретінде коммуналдық жылумен жабдықтаудың энергия тиімділігін арттыру" халықаралық конференциясында Астана қаласындағы ПИК Қауымдастығының президенті Мизамбек Кенжебаев Рrimeminister.kz сайтына берген сұхбатында.

Астана. 19-сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда ПИК жұмысшыларының тек 20%-нда ғана бейінді білім бар, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Республикада пәтер иелері кооперативінің (ПИК) жұмысшыларының арасында тек қызметкерлердің 20% ғана бейінді білім алғандар, деп хабарлады бүгін "Жасыл" экономикаға үлес ретінде коммуналдық жылумен жабдықтаудың энергия тиімділігін арттыру" халықаралық конференциясында Астана қаласындағы ПИК Қауымдастығының президенті Мизамбек Кенжебаев Рrimeminister.kz сайтына берген сұхбатында.

"Компанияларға кадрларды тарту қажет. ПИК басқару компаниясында инженер-жылу беретіндер болуы тиіс, ол сервитсік компаниялардың жасаған жұмыстарының сапасын және өзі технологиялық жобасын анықтай алады... Бүгінде бізде бүкіл Қазақстан бойынша ПИК қызметкерлерінің 20%-нда ғана коммуналдық қызмет бойынша бейінді білім бар, Астанада да солай", - деді М.Кенжебаев.

Сонымен қатар, ол ПИК-ін басқарушы және сервистік компанияларға бөлу туралы сөз қозғалмайтынын, себебі алдымен пилоттық жобаны жүзеге асыру үшін нормативтік база құру қажеттігін атап өтті.

Бұдан өзге, коммуналдық компанияларды оңтайландыру үшін заң шығару базасын жасау керек.

Сонымен қатар, қауымдастықтың басшысы ПИК сапасы мен тиімділігіне қатысты жұмыс шеңберінде жұмыс істей алмайтын тиімді емес компанияларды жаңа сапалы деңгейге шығару үшін оңтайландырумен қамту қажеттігін айтты.

Қауымдастықтың мәліметі бойынша бүгінгі таңда Қазақстанда шамамен 5 мың ПИК бар, Астанада 300.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны