01.07.2014, 20:32 3110

Қазақстанда рационализаторлық ұсыныстардың байқауы жарияланды

"РАЦИОНАЛИЗАТОР.KZ" республикалық байқауы "Жылдың үздік рационализаторлық ұсынысы" және "Рационализаторлықты қолдаудың үздік жүйесі" номинациялары бойынша өткізіледі, деп "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ хабарлады.

Алматы. 1 шілде. Kazakhstan today. "РАЦИОНАЛИЗАТОР.KZ" Республикалық рационализаторлық ұсыныстардың байқауы жарияланды. Байқауды ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ ұйымдастырып отыр.

Байқауға табысты рационализаторлық ұсыныстары өндіріске енгізілген жеке тұлғалар және рационализаторлықты қолдауға негізделген жүйеге ие заңды тұлғалар қатыса алады.

"РАЦИОНАЛИЗАТОР.KZ" республикалық байқауы "Жылдың үздік рационализаторлық ұсынысы" және "Рационализаторлықты қолдаудың үздік жүйесі" номинациялары бойынша өткізіледі, деп "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ хабарлады.

Байқаудың жалпы жүлде қоры 5 (бес) миллион теңге. 1 орын - 2,5 млн. теңге, 2 орын - 1,5 млн. теңге және 3 орын - 1 млн. теңге.

Аталмыш шара 5 -ші жыл қатарынан ұйымдастырылуда. 2013 жылы 130 өтініш қабылданды, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 26% көп.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны