11.04.2007, 17:11 3003

Қазақстанда рулі оң жақтағы автокөліктерді қайта жабдықтауға 21 ұйым лицензия алды - жол полициясы комитеті

АСТАНА. 11-сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстанда рулі оң жақтағы автокөліктерді қайта жабдықтауға 21 ұйым лицензия алды. Бұл туралы ҚР ІІМ жол полициясы комитетінің төрағасы Өмірзақ Түсімов бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазіргі таңда 21 ұйым рулі оң жақтағы автокөліктерді қайта жабдықтауға лицензия алды. Олар жыл басынан бері 428 автокөлікті қайта жабдықтады. Ал жалпы алғанда Қазақстанда 200-дей кәсіпорын осы жұмыспен айналыса алады",- деді Ө.Түсімов.

Оның айтуынша, автокөліктердің басым бөлігі, немесе 425-і Алматыда, біреуі Талдықорғанда, екеуі Таразда қайта жабдықталған. Комитет төрағасының хабарлауынша, тізгінді ауыстыру құны 2-5 мың АҚШ доллары аралығында.

"Баға автокөліктің түріне қарай өзгереді, жабдықтар мен қосалқы бөлшектердің құны оған қамтылады",- деді Ө.Түсімов.

"Астанада әзірге осы бағытта лицензия алған ұйымдар жұмыс істеп жатқан жоқ, алайда Астананың кейбір заңды тұлғалары өтініш берді",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны