31.05.2011, 16:47 7022

Қазақстанда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып өтуде

"Иділеттіктің салтанат құруы үшін біз Қазақстанда кең көлемді жұмыс жүргізіп келеміз. Тәуелсіздік жылдары аралығында 146,5 мың күнәсіз жазғырылған отандасымыздың аттары жазылған 14 "Аза кітабы" жарыққа шықты. Заңнамаға сәйкес, 340 мыңнан астам заңсыз қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтар ақталды.

Астана. 31 - мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып өтуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Қазақстанда, 1997 жылдан бері, жыл сайын менің Жарлығыммен бекітілген Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып келеді. Этностық және діни тегі бөлек мыңдаған адамдар, тоталитарлық жүйенің диірменіне түсіп, өзгеше ойлағаны үшін күнәсіз сотталып, туған жерлерінен аяусыз айдалып, ГУЛАГ түрмелерінде жазықсыз көз жұмды. Біз үшін, азат, Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы үшін оларды еске алу және есте сақтау қасиетті парыз", - деді елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

"Иділеттіктің салтанат құруы үшін біз Қазақстанда кең көлемді жұмыс жүргізіп келеміз. Тәуелсіздік жылдары аралығында 146,5 мың күнәсіз жазғырылған отандасымыздың аттары жазылған 14 "Аза кітабы" жарыққа шықты. Заңнамаға сәйкес, 340 мыңнан астам заңсыз қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтар ақталды.

Тоталитаризм құрбандары жерленген жерлерде ондаған ескерткіш белгілер орнатылған. Бұрынғы ГУЛАГ лагерьлерінің орындарында мемориалдық кешендер жұмыс істейді. Бүгін солардың қатары, аты қайғылы Қарлаг орнынан ашылып отырған Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайымен толықты.

Осының бәрі бізге, өткеннің ауыр сабақтарын сараптай отырып, адамзаттың бүгінгі және болашақтағы тарихында осындай зұлматты болдырмауды міндеттейді",- деп атап өтті ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны