28.01.2016, 17:57 3988

Қазақстанда санитарлық авиацияныӊ барлық әуе кемелерін түгелімен тексеру жүргізіледі - ҚР ИДМ

ҚР ИДМ көлік прокуратурасымен бірлесе отырып, санитарлық авиацияныӊ барлық әуе кемелерін түгелімен тексеруді бастайды

Астана. 28 қаӊтар. Kazakhstan Today - ҚР ИДМ көлік прокуратурасымен бірлесе отырып, санитарлық авиацияныӊ барлық әуе кемелерін түгелімен тексеруді бастайды, деп хабарлайды министрлікте, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"ҚР Инвестициялар және даму министрлігі көлік прокуратурасымен бірлесе отырып, санитарлық авиацияныӊ барлық әуе кемелерін түгелімен тексеруді бастайды", - делінген ҚР ИДМ хабарламасында, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Ведомствода хабарлағандай, Алматы облысында BО-600N тікұшағыныӊ құлауы себептерін тексеру жөнінде комиссия құрылды.

Еске сала кетейік, Үшарал-Талдықорған бағыты бойынша рейс атқарған әуе кемесі 2016 жылдыӊ 27 қаӊтарында апатқа ұшырады.

Тікұшақ бортында 5 адам: ұшқыш В.Кондратюк, 1970 ж.т.; дәрігер-гематолог Б.Қайсанова, 1964 ж.т., фельдшер Г.Хамитова, 1993 ж.т., К.Ибілқасым - 1989 ж.т., Б.Ибілқасым - 2015 ж.т. болған. Қаза болғандардыӊ денелері және тікұшақ сынықтары Талдықорған қаласы әуежайынан 18 шақырым жерден табылды.

2016 жылғы 27 қаӊтардағы сағат 18:30-да (Астана уақытымен) алынған алғашқы хабарламаға сәйкес "Қазаэронавигация" РМК жеделхатында аталған борт экипажы 18 шақырым қашықтықта 500 метрге дейін биіктікті төмендету туралы баяндағаннан кейін қонатын жеріне келіп жетпегені айтылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны