29.07.2013, 12:10 4047

Қазақстанда шағын авиацияны жандандыру бойынша жоспарлар жүзеге асырылуда

Қазақстанда жергілікті әуе қатынастарының желісін аудандар мен облыстар деңгейінде жандандыру жоспарлануда, деп хабарлады Primеminister.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов.

Астана. 29-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанда шағын авиацияны жандандыру бойынша жоспарлар жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда жергілікті әуе қатынастарының желісін аудандар мен облыстар деңгейінде жандандыру жоспарлануда, деп хабарлады Primеminister.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов.

"Жергілікті атқарушы органдар жергілікті маңыздағы 16 аэродромды қалпына келтіру туралы ұсыныстар жасады. Аудан - облыс, облыс - республика байланыстарын жаңартқымыз келеді. Бүгін бұл жобалар мемлекеттік органдарда келісімнен өтіп, оларды жөндеуге және салуға қаражат мемлекеттік бағдарламада жоспарланған", - деді Б.Сейдахметов.

Осы жоспарларды жүзеге асыру тетігіне келгенде ААК басшысы жергілікті әкімдіктер өз бюджеттері есебінен ТЭН және ЖСҚ әзірлейді, ұшу-қону жолағын жөндеу және салу республикалық қаражат есебінен жүргізіледі, МЖС шарттарында бизнесті тарту арқылы әуежай терминалдарын салу жоспарлануда, ал тасымалдауды ұйымдастыру жергілікті бюджеттерден субсидиялау арқылы жүзеге асырылады.

"Елдің барлық аудандарында жақсы жолдар сала алмаймыз, сондықтан әуе қатынасы жақсы альтернатива болады. Шағын авиация дамыған Канада, Австралия тәжірибесі ескеріледі", - деп толықтырды Комитет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны