10.04.2007, 12:56 2944

Қазақстанда шекаралық сауда-саттықты жүзеге асыру ережелері бекітілді

АЛМАТЫ. 10-сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстанда республика үкіметінің қаулысымен шекаралық сауда-саттықты жүзеге асыру ережелері бекітілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Қазақстан үкіметінің "Шекаралық сауда-саттықты жүзеге асыру ережелерін бекіту туралы" қаулысына республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов 2007-жылдың 5-сәуірінде қол қойды.

"Шекаралық сауда-саттықты жүзеге асырудың осы ережелері Қазақстан Республикасының 2004-жылғы 12-сәуіріндегі "Сауда-саттық іс-қызметін реттеу туралы" заңының 26-бабына сәйкес жасалған. Олар Қазақстан Республикасындағы шекаралық сауда-саттық саласындағы құқықтық қатынастарды реттеп, Қазақстан бекіткен халықаралық келісімдерде басқаша жағдайлар қарастырылмаған жағдайда Қазақстанның шекаралық аумақтарында сауда-саттық жүргізу тәртіптерін айқындайды",- делінген құжатта.

Атап айтсақ, ережелерде Қазақстанның шекаралық аумақтары, шекаралық сауда, шекаралық сауда субъектілері секілді ұғымдар пайдаланылған.

Құжатта атап көрсетілгеніндей, "осы ережелердің сақталуын қадағалау міндетін аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) жергілікті атқарушы орган өз құзыреті аясында жүзеге асырады".

"Сауда-саттық субъектілері осы ережелерді бұзғаны үшін Қазақстан бекіткен халықаралық келісім-шарттарында басқаша жағдай қарастырылмаса, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік жүктейді. Шекаралық аумақтардағы кедендік реттеу ҚР заңдарына сай жүзеге асырылады",- делінген қаулыда.

Қаулы бірінші рет ресми түрде жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны