24.07.2015, 15:21 3678

Қазақстанда шетелдік жұмысшыларды тарту ережелерін өзгерту жоспарланған - ДСИДМ

Қазақстанда шетелдік мамандарды тартуға ақылы рұқсаттар енгізу және шетелдік жұмысшыларды алатын жұмыс берушілерге арналған бірқатар ережелерді өзгерту жоспарланған, деп мәлімдеді ОКҚ брифингінде ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов

Астана. 24 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанда шетелдік мамандарды тартуға ақылы рұқсаттар енгізу және шетелдік жұмысшыларды алатын жұмыс берушілерге арналған бірқатар ережелерді өзгерту жоспарланған, деп мәлімдеді ОКҚ брифингінде ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Біз халықаралық тәжірибені ескеріп, шетелдік мамандарды тарту жүйесін жетілдіруді ұсынамыз. Біріншіден, квоталарды жалпы халық санынан емес, экономика салалары бойынша бөлеміз. Екіншісі - рұқсат жүйесі қалады, бірақ біз идеологияны қайта қарап, рұқсатты ақылы еткіміз келеді", - деді Б.Нұрымбетов, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Сонымен бірге, шетелдіктерді жұмысқа тартқаны үшін төлемніӊ базалық мөлшерлемесі техникалық және кәсіби білім беру жүйесіндегі бір қазақстандық маманды бір жыл оқытуға шығын сомасынан есептелетін болады. Алдын ала есептеу бойынша ол шамамен 360 мыӊ теӊгені құрайды. Мөлшерлеме жұмысқа тартылатын шетелдік маманныӊ саласы мен санатына байланысты түзетіледі: егер шетелдік жұмысшыны отандық кадрлар жеткілікті салаға және сондай санат бойынша тартса, мөлшерлеме артады немесе керісінше.

Адами факторды жою үшін рұқсатты беруді ХҚКО арқылы жүргізу жоспарланып отыр.

Бұл шаралар вице-министрдіӊ айтуынша, рәсімдерді жеӊілдетіп, бюджеттіӊ табыс бөлігін арттыруға мүмкіндік береді.

"Біз Еуропа елдерініӊ, сондай-ақ АҚШ, Канада, Аустралия, Жаӊа Зеландия және Сингапур тәжірибесін зерттедік. Барлық елдерде ішкі нарықты қорғау бойынша шаралар, квоталар, рұқсат беру жүйесі бар, қызмет түрлері бойынша кейбір шектеулер, алдымен ішкі нарықта кандидаттар іздеу туралы талаптар қолданылады", - деп толықтырды Б.Нұрымбетов.

Сондай-ақ, вице-министр Қазақстанға жұмыс істеуге өз бетімен келген шетелдік мамандар үшін ережелерді түзету жоспарланғанын айтты. Қазіргі жүйе бойынша олар елімізде жұмыс істеуге рұқсат алады. Рұқсатты олардыӊ біліктілігі деӊгейіне сәйкестігі туралы анықтамаға алмастыру ұсынылуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны