21.07.2008, 08:31 1323

Қазақстанда шілденің 10-ы мен 17-сі аралығында 2 мыңнан астам мас жүргізуші қамауға алынды - ҚР ІІМ

Қазақстанда шілденің 10-ы мен 17-сі аралығында 2 мыңнан астам мас жүргізуші қамауға алынды - ҚР ІІМ

Астана. 21 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда шілденің 10-ы мен 17-сі аралығында 2 мыңнан астам мас жүргізуші қамауға алынды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне ҚР ІІМ тіл саясаты және ақпарат департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Премьер-министрдің тапсырмасына сәйкес, ішкі істер органдары жол қозғалысының қауіпсіздігін күшейту бойынша шараларды қабылдауда. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің ереже талаптарын орындауына қатаң бақылау қойылған. Жолдарда жол полициясының жасақтарының саны арттырылды. Қазіргі уақытта жол полициясының 3 мыңнан астам инспекторы жолдарда кезекшілік атқаруда", - деп көрсетілген ІІМ баспасөз қызметі жариялаған хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны