14.12.2007, 17:47 3078

Қазақстанда соңғы 10 жылда ауылшарушылық өнімдерін өндіру көлемі 3 есеге өскен - президент

Қазақстанда соңғы 10 жылда ауылшарушылық өнімдерін өндіру көлемі 3 есеге өскен - президент

Астана. 14-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда соңғы 10 жылда ауылшарушылық өнімдерін өндіру көлемі 3 есеге өскен. Бұл туралы бүгін Қазақстан Тәуелсіздігінің 16 жылдығына арналған салтанатты жиында президент Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісі.

"Ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі соңғы он жылда 3 есеге дерлік өскен, үстіміздегі жылы егін түсімі ең жоғарғы көрсеткішке жетіп, 22,5 млн тонна астық жиналды",- деді мемлекет басшысы.

"Қазақстан дүниежүзінде жан басына шаққандағы астық өндіруде және ұн экспорттауда бірінші орынға шықты",- деп атап көрсетті ол.

Президент, "елде азық-түліктің бекем кепілдігі құрылып жатқандығын" атап өтті. "Біз ірі азық-түлік астығын экспорттаушы болдық",- деп жалғады ол өз сөзін. Мемлекет басшысының хабарлауынша, Тәуелсіздіктің 16 жылдығына орай "ауылшаруашылығы саласы еңбеккерлерінің үлкен тобы мемлекеттік сыйлықтармен марапатталды".

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны