22.10.2010, 16:10 3811

Қазақстанда соңғы екі жылда автобус жүргізушілерінің кінәсінен болған көлік апатының саны 13 пайызға, көз жұмғандардың саны екі есеге өскен

Қазақстанда соңғы екі жылда автобус жүргізушілерінің кінәсінен болған көлік апатының саны 13 пайызға өссе, көз жұмғандардың саны екі есеге өскен. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихаты барысында ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінің төрағасы Қайрат Тынықбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 22 - қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда соңғы екі жылда автобус жүргізушілерінің кінәсінен болған көлік апатының саны 13 пайызға өссе, көз жұмғандардың саны екі есеге өскен. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихаты барысында ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінің төрағасы Қайрат Тынықбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қ. Тынықбаевтың айтуынша, үстіміздегі жылдың 9 айында 2007 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда "автобус жүргізушілерінің кінәсінен болған көлік апатының саны 13 пайызға (251-ден 284-ке дейін), көз жұмғандардың саны екі есеге (38-ден 74-ке дейін), жарақат алғандар саны 17 пайызға (316-дан 369-ға дейін) өскен".

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің көлік бақылау комитетінің төрағасы Иділет Барменқұов өз кезегінде негізгі заң бұзушылықтарға қалааралық және облысаралық автобустардың жүргізушілері баратындығын атап өтті. "Тахографтар болмайды, олар болған күнде де жұмыс істемейді",- деп атап өтті ол.

Сонымен қатар оның айтуынша, негізгі заң бұзушылыққа рейске шығар алдындағы техникалық және медициналық тексерудің жүргізілмеуін жатқызуға болады.

"Автобус жүргізушілеріне қойылатын талаптарды заң деңгейінде қатайту қарастырылған. Яғни автобусты жүргізуге 3 жылдық тәжірибесі бар жүргізушілерге ғана рұқсат беріледі. Сонымен қатар жүк көлігін жүргізген стажы міндетті түрде бір жылдан кем болмауы керек",- деп хабардар етті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны