27.07.2012, 15:42 3681

Қазақстанда Сот сараптамасының ҒЗИ құрылды

Сот ісін жүргізуде процессуалды дәлелдеудің ғылыми-техникалық деңгейін жоғарылату, сот сараптамасында қалмыстық процесті жүргізетін органдардың мұқтаждығын қамтамасыз ету қажеттілігі сот-сараптама қызметін нығайту және тұрақтандыру жөнінде шаралар легін қабылдауға, оның одан әрі жетілдірілуін қамтамасыз етуге себепші болды.

Астана. 27-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанда Сот сараптамасының ҒЗИ құрылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Сот ісін жүргізуде процессуалды дәлелдеудің ғылыми-техникалық деңгейін жоғарылату, сот сараптамасында қалмыстық процесті жүргізетін органдардың мұқтаждығын қамтамасыз ету қажеттілігі сот-сараптама қызметін нығайту және тұрақтандыру жөнінде шаралар легін қабылдауға, оның одан әрі жетілдірілуін қамтамасыз етуге себепші болды.

Осыған байланысты сот-сараптама қызметін дамытуға, жүргізілетін сот сараптамаларының түрлерін кеңейтуге, әдіснамалық базаны одан әрі жетілдіруге, қолда бар материалдық-техникалық базаны кеңейтуге және одан әрі жақсартуға, сараптама сапасын жоғарылатуға жаңа тұрғыдан қарауды, соның ішінде инновациялық технологияларды пайдалану және сараптамалық әлеуетті арттыру арқылы айқындау міндеті қойылып отыр.

Сот-сараптама қызметі саласында сот ісін жүргізудің бүгінгі қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандыру мақсатында да, міндеттерді шешуге заманауи дайындық жасау, оның дамудағы жақындағы перспективаларын есепке ала отырып, жаңа сот сараптамалары түрлерін және сот сараптамаларын жүргізу әдістемелерін енгізу талап етіліп отыр.

Қазақстан Республикасында қызметі сот сараптамасында ғылыми зерттемені жүзеге асыруға және сот сарапшыларын оқытуға бағытталатын ғылыми мекемелер жоқ. Осыған байланысты Сот сараптамасы орталығы ішкі кадрлар резерві есебінен жаңа құрылымдық бөлімше - Сот сараптамасының ғылыми-зерттеу институты құрылды.

Ғылыми-зерттеу институтының қызметінің негізгі бағыттары сот сараптамасы саласында іргелі зерттеулерге байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстары; жаңа сараптамалық әдістемелерді сынақтан өткізу және енгізу мен қолда барын одан әрі жетілдіру; аса күрделі сараптамлар шығару; сараптамалық тәжірибенің мониторингісін жүргізу, сарапшыларды кәсіби даярлау және біліктілігін арттыру; сот-сараптамалық қызметі саласында халықаралық ынтымақтастық болып табылады.

Сот сараптамасының ғылыми-зерттеу институты бірыңғай және қылмыстық қудалау органдарынан тәуелсіз Қазақстан Республикасының Иділет министрлігінің сот-сараптамалық жүйесіне - "Қазақстан Республикасы Иділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы" ММ-не енеді және арнайы ғылыми білім негізінде алынған дәлелдемелерді зерттеу мәселелері бойынша ғылыми және бағдарлаушы орган болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны