11.02.2016, 13:18 3081

Қазақстанда спорттағы допингпен күрес бойынша тәуелсіз Комиссия құрылды

Астанада Ұлттық Олимпиада Комитетініӊ бастамасымен допингке қарсы Тәуелсіз комиссия құрылды. Тәуелсіз комиссияныӊ жұмысы Қазақстандағы допингке қарсы жүйеніӊ жетілуіне ықпалдасады, деп хабарлады ҚР ҰОК баспасөз қызметінен

Астана. 11 ақпан. Kazakhstan Today - Астанада Ұлттық Олимпиада Комитетініӊ бастамасымен допингке қарсы Тәуелсіз комиссия құрылды. Тәуелсіз комиссияныӊ жұмысы Қазақстандағы допингке қарсы жүйеніӊ жетілуіне ықпалдасады, деп хабарлады ҚР ҰОК баспасөз қызметінен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазір Комиссия өз жұмысын Алматыда орналасқан Ұлттық допингке қарсы орталық пен допингке қарсы зертхананыӊ жұмысын бақылауға бағыттайды. Олардыӊ допингке қарсы халықаралық қозғалыстармен өзара әрекеттестігініӊ механизмдерін қарастырады, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Допингке қарсы Тәуелсіз комиссия құрудыӊ негізгі мақсаты Қазақстан Республикасындағы допингке қарсы бақылау жүйесін жетілдіру мен "таза спортшыларды" қорғауды күшейту болмақ. Комиссия мүшелерініӊ қатарында спорт қоғамдастықтарыныӊ және үкіметтік емес ұйымдардыӊ өкілдері, медицина қызметкерлері, заӊгерлер бар. Кейін оныӊ құрамына халықаралық деӊгейдегі допингке қарсы қозғалыс сарапшыларын енгізуді жоспарлап отырмыз. Қазақстандық тәуелсіз Комиссия дүниежүзілік допингке қарсы агенттікпен (WADA) ықпалдасып жұмыс істейді", - деп атап өтті Қазақстанныӊ Ұлттық Олимпиада Комитетініӊ президенті Тимур Құлыбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны