16.03.2010, 16:00 13732

Қазақстанда сүттің өндірілу тәсілі міндетті түрде оның орамасында көрсетілетін болады - үкімет қаулысы

Қазақстанда сүттің өндірілу тәсілі міндетті түрде оның орамасында көрсетілетін болады - үкімет қаулысы

Алматы. 16 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда жарты жылдан кейін сүттің өндірілу тәсілі міндетті түрде оның орамасында көрсетілетін болады. Үкіметтің 2010 жылдың 25 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасы үкіметінің 2008 жылғы 11 наурыздағы N 230 қаулысына өзгерістер мен толықтырудар енгізу туралы №21 қаулысы бүгін ресми БАҚ-тарда жарияланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі, "Техникалық реттеу туралы" 2004 жыл?ы 9 қарашадағы және "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 2007 жыл?ы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді және сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын ең аз қажетті талаптарды белгілейді.

Осы техникалық регламент пайдаланылатын технологиялардың ерекшеліктеріне байланысты сүт өнімдерін өндіруге (дайындауға) арналған тамақ өнімдері, жартылай фабрикат немесе басқа да шикізат ретінде пайдаланылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өткізу кезінде, отандық және шетелде өндірілген (дайындалған) сүт-шикізаты мен дайын сүт және сүт өнімдеріне қолданылады.

Техникалық регламенттің жаңа редакциясында 55 тармағының абзацында былай делінген: "ораманың (ыдыстың) этикеткасында "сүт" деген сөзден кейін сүт алынған малдың (сиырдан басқасы) түрі көрсетіледі.

"Егер сүт өнімі концентрациялы немесе қоюлатылған сүттен, немесе құрғақ сүттен не болмаса майсыздандырылған құрғақ сүттен өндірілген жағдайда ораманың өң бетінде тиісінше былай деп көрсетіледі: "концентрациялы сүттен қайта алынған өнім", "қоюлатылған сүттен қайта өңделген өнім", "құрғақ табиғи сүттен қайта өңделген өнім", "құрғақ майсыздандырылған сүттен қайта өңделген өнім" деп көрсетіледі. Бұл ретте өнімнің атауы мен аталған жазулар бір мөлшердегі әріптермен жазылады", - делінген қаулыда.

Сондай-ақ, құжаттың 59 тармағында "Қазақстан аумағында сатылатын, ҚР СЭҚ ТН кодының 0402, 0405 және 0406 тауарлық позицияларына кіретін сүт және сүт өнімдері Қазақстан Республикасы үкіметінің 2008 жылдың 4 ақпанындағы "Сәйкестікті растау процедуралары" техникалық регламентін бекіту туралы" қаулысына сәйкес осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігі міндетті түрде расталуға тиіс.

Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны