29.05.2009, 09:51 1893

Қазақстанда табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін жүктелетін жауапкершілік күшейтіле түсуде

Табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікті қаталдандыру мақсатында табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін Икімшілік құқық бұзушылықтар кодексіне заңсыз ағаш кескені, су жануарларын заңсыз аулағаны, олжалағаны үшін құқық бұзушылықты жасауда пайдаланылған көліктер мен құралдарды тәркілеуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Астана. 29 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін жүктелетін жауапкершілік күшейтіле түсуде, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Қазақстан Республикасы ІІМ Икімшілік полиция комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы ІІМ Икімшілік полиция комитетінің төрағасы Молдияр Оразалиевтің төрағалық етуімен ағымдағы жылдың 28 мамырында Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы, Балық шаруашылығы комитеттерінің, сондай-ақ ІІМ-нің Жол полициясы, Тергеу комитеттерінің басшыларымен жұмыс кездесуі болып өтті.

Кездесуде қабылдап жатқан бірлескен шараларға қарамастан атыс қаруын қолданып, көлік құралдарын және тыйым салынған аңшылық құралдарын пайдалана отырып жасалған браконьерлік фактілерінің орын алуының жалғасып келе жатқандығы атап көрсетілді. Заңсыз ағаш кесуге, балықтың бағалы түрлерін аулауға байланысты мемлекеттік орман қорының, сондай-ақ Каспий теңізінің биологиялық ресурстарының сақталу проблемасы өзекті мәселе болып қалуда.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікті қаталдандыру мақсатында табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін Икімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне заңсыз ағаш кескені, су жануарларын заңсыз аулағаны, олжалағаны үшін құқық бұзушылықты жасау көліктері мен құралдарын тәркілеуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізілді".

ІІМ Қылмыстық және Икімшілік кодекстерге биологиялық ресурстар нысандарының және өнімдерінің заңсыз айналымы үшін жауапкершілік белгілеу бөлігінде толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар енгізуде.

Сонымен қазіргі таңда көлік және басқа да техникалық құралдарды тәркілеу бөлігіндегі шара тиімсіз, өйткені олар көбінесе құқық бұзушының меншік құқығына жатпайды.

Осыған орай министрлік Қылмыстық, Икімшілік заңнамаларда браконьерлік фактілері жасалған көлік және басқа да техникалық құралдарды меншіктігіне қарамастан тәркілеу жөніндегі ұсыныстарға бастамашылық етуде.

Кездесуде нормативтік құқықтық базаны одан әрі жетілдіру, өзара іс-қимыл жасасуды ұйымдастыру, браконьерлікке және басқа да табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарға қарсы күрестегі бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар пысықталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны