28.02.2007, 13:47 6909

Қазақстанда табиғи монополия салаларын қысқарту қажет - мемлекет басшысы

АСТАНА. 28-ақпан. Kazakhstan Today. Қазақстанда табиғи монополия салаларын қысқарту қажет. Бұл туралы бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған жолдауында президент Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабаралайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Біз ірі монополистерді қайта құрылымдау және бәсекелістік қатынастарды дамыту есебінен табиғи монополиялар саласын қысқартуымыз қажет",- деді мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев. "Бізді олар сақталып отырған секторларда салалық регуляторлардың көмегімен техникалық реттеу мен тарифтік реттеуге қатысты елеулі істер күтіп тұр",- деді президент.

"Біз біздің қаржы жүйеміздің тұрақтылығы мен бәсекеге қаблеттілігін жаңаша деңгейге көтеруге міндеттіміз",- деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны