29.04.2014, 19:18 3444

Қазақстанда талантты басқару жүйесін енгізу жоспарланған - И. Байменов

Қазақстанда Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік жанынан талантты басқару жүйесін ашу жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң төрағасы Илихан Байменов мәлiмдедi.

Алматы. 29 сәуір. Kazakhstan today. Қазақстанда Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік жанынан талантты басқару жүйесін ашу жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң төрағасы Илихан Байменов мәлiмдедi.

"Бірыңғай конкурсты комиссияны енгізу "әлеуметтік лифтті" құруға мүмкіндік береді. Конкурстық комиссия аудандық бірыңғай кәсіптік орталықта болғаннан кейін жергілікті жерлердің кадрлық жетістіктерін иегере бастады. Жұмысқа қабілеттілігі бар қызметкерлерді таңдай бастапды. Олар тең қана ауыл деңгейінде ғана емес, аудан, қала дәрежесінде таңдалады. Біз болашақта талантты басқару жүйесін құруды жоспарлаудамыз", - деді И. Байменов.

Мәселен, Францияда қызметтік агенттік төрағасы айтқандай , меморганның әрбір директоры немесе әрбір жетекші Францияның минпистрліктерін ақпараттандыру керек.

"Бiздiң елдегi мемлекеттiк қызметшiлердiң орташа жасы 45 . Олардың басым көпшiлiгi жоғары оқу орнын 20 жыл бұрын бiтiрген. Ол кездегi басқарушылық, шешiм қабылдау, стратегиялық талдау сынды пәндердiң оқытылмаған. Алдағы уақытта осы бағытта жұмыс жүргiзiлмек", - деді И. Бәйменов.

Ол келер жылдан бастап мемлекеттiк қызметшiлердiң заңнаманы бiлуiн тестiлеудегi заңдар санын кезең-кезеңмен қысқарта отырып, аталған тестердi дәрежелерге iрiктеудiң басты құралы ретiнде айқындауға мүмкiндiк беретiндiгiн атап өттi.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны