20.06.2012, 14:42 2850

Қазақстанда тамыз айында көлік құралдарының жаңа үлгідегі нөмір белгілері пайда болады

Жаңа үлгідегі көлік нөмірлерінің алғашқы партиясы 2012 жылдың тамыз айында енгізу жоспарлануда, деп ІІМ жол полициясы комитетінің төрағасы Берік Бисенқұлов мәлімдеді.

Астана. 20-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанда тамыз айында көлік құралдарының жаңа үлгідегі нөмір белгілері пайда болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жаңа үлгідегі көлік нөмірлерінің алғашқы партиясы 2012 жылдың тамыз айында енгізу жоспарлануда, деп ІІМ жол полициясы комитетінің төрағасы Берік Бисенқұлов мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта жаңа үлгідегі нөмір белгілерін шығаруға қатысты ұйымдастыру және техникалық шаралар жүргізілуде. Жаңа нөмірлердің алғашқы партиясын биыл тамыз айында шығарғалы отырмыз", - деп бүгін комитет төрағасы Астанада қысқаша баспасөз мәслихатында атап көрсетті.

Б.Бисенқұлов қазір қолданыстағы нөмірлерді толық істен шыққанша немесе көлік құралын келесі қайта тіркеуге дейін пайдаланылатынын атап өтті.

Жаңа үлгідегі нөмірлерде аймақтар Астана - 01, Алматы - 02 және т.б. цифрлармен белгіленеді. Сонымен қатар, нөмірлерде Қазақстан байрағы мен "KZ" деген жазу бейнеленеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны