24.09.2007, 16:54 2677

Қазақстанда тауар биржаларын дамыту үшін мемлекет әкімшілік ресурстарды пайдалануға тиіс - Кәрім Мәсімов

Қазақстанда тауар биржаларын дамыту үшін мемлекет әкімшілік ресурстарды пайдалануға тиіс.

Астана. 24 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда тауар биржаларын дамыту үшін мемлекет әкімшілік ресурстарды пайдалануға тиіс. Бүгін "Қазақстанда тауар биржалары мен қор биржасын дамыту" атты "дөңгелек үстел" барысында республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов осындай пікір білдірді.

"Меніңше, егер біз қандайбір әкімшілік ресурсты пайдаланбасақ, бұл биржалар жұмыс істемейтін секілді" - деді премьер-министр "Тауар биржалары туралы" заң жобасын талқылау барысында.

"Түрлі пікір қайшылықтары мен екіұдай түсінік болмауы үшін тауар биражаларын дамытуды мемлекеттік ұлттық компаниялардың тауар биржалары арқылы тауар сатып алуынан бастау керек, сосын ғана бұны басқа салаларға қалай тарату керектігін ойластыратын боламыз", - деді Кәрім Мәсімов.

"Мен тауар биржасы туралы заңның қажет екендігіне бүгін көз жеткіздім, сол себепті оны үкіметке енгізіп, оған қатысты жұмыстарды ілгерілету қажет", - деді ол республиканың индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақовқа қаратып айтқан сөзінде.

"Бұл заң елімізде тауар биржаларының құрылуы мен қайта жаңғыруын ынталандыруға тиіс, ал олар біздің тауарлардың бағасының қалай қалыптасатындығын түсінуге мүмкіндік береді", - деді Кәрім Мәсімов.

"Яғни, заң тек осындай заңды қабылдау үшін (кейде о елімізде мұндай жайттар кезігіп жатады) ғана қабылдануға тиіс емес, біз ол заңның қандай тауарлар топтамасына қатысты болатынын байыптауға тиіспіз", - деді премьер-министр.

Өз кезегінде республиканың индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов бұл заңның бірқатар тауарлар өндірісін көлеңкеден алып шығуға септігін тигізеді деген көзқараста екенін жеткізді. "Биржаға шығу - көлеңкеден шығу деген сөз",- деп пайымдайды министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны