05.09.2016, 13:45 3606

Қазақстанда Тәжікстан мәдениет күндері өтеді

Министр Арыстанбек Мұхамедиұлы мен тәжік дипломатиялық миссиясыныӊ басшысы екіжақты ынтымақтастықты дамытудыӊ кеӊ ауқымды мәселелерін талқылады.

Астана. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінде ведомство басшысы және Тәжікстан Республикасыныӊ Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Назирмад Ализоданыӊ ресми кездесуі өтті, деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ Баспасөз қызметі.

Министр Арыстанбек Мұхамедиұлы мен тәжік дипломатиялық миссиясыныӊ басшысы екіжақты ынтымақтастықты дамытудыӊ кеӊ ауқымды мәселелерін талқылады.

Назирмад Ализоданы қарсы ала отырып, ҚР Мәдениет және спорт министрі Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы достық қарым-қатынас жиырма жылдан астам уақыттан бері ұдайы дамып, нығая түскенін атап өтті. Мәдени-гуманитарлық өзара байланыс та дамудыӊ жоғары серпінін көрсетіп келеді: түрлі деӊгейлі іс-шаралар, көрмелер, халықаралық ғылыми жиындар, дөӊгелек үстелдер үнемі бірлесіп ұйымдастырылады.

"Душанбе қаласында "Бәйетерек" қазақ ұлттық мәдениет орталығы жұмыс істеп келеді. Орталықта отандастарымыз қазақ тілін, салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымыз туралы, туған елініӊ тарихын оқып, халық қолөнеріне үйренеді. Отанынан шалғай аймақтарда тұратын жастарымыз өз болмысы туралы ұмытпағаны дұрыс, "Бәйтерек" - ол Тәжікстандағы Қазақстан шаӊырағы", - деп ойымен бөлісті Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Қазақстандағы Тәжікстан Республикасыныӊ ресми өкілі Қазақстан ұлттық олимпиада құрамасын Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарындағы сәтті өнер көрсетуімен құттықтады. Елші Назирмад Ализода екі мемлекет тығыз шығармашылық және мәдени байланыстарды дамыта түскенін айтты. Ол Тәжікстан Президентініӊ ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесініӊ ашылуы қарсаӊында Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы мелекеттері басшыларыныӊ отырысына қатысуға дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар Елші келер жылы елімізде өтетін маӊызды шаралар аясында Тәжікстан мәдениет күндерін өткізуді ұсынды.

Одан басқа, Назирмад Ализода 6 қыркүйек күні Елшілік өткізетін Тәжікстанныӊ Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шаралардыӊ аясында Астанаға әйгілі "Базморо" би ұжымы келетіндігін хабарлады.

"Біздіӊ тамаша би ансамбліміз Астанаға қазіргі уақытта "Билейтін Азия" Халықаралық фестивалі өтіп жатқан Сеулден келетін болады. Біз талантты бишілерімізді Қазақстан тұрғындары біздіӊ мәдениетімізбен жақынырақ танысып, атақты бишілеріміздіӊ шеберліктеріне куә болсын деген мақсатпен шақырдық", - деді Тәжікстан Елшісі.

Иӊгіме барысында екі мемлекет өкілі дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастық мәселелерін де талқылады. Қазақстандағы тәжік дипломатиялық миссияныӊ басшысы елшіліктіӊ барлық қызметкерлері Рио Олимпиадасы барысында қазақстандық спортшыларға жанкүйер болып, олардыӊ жеӊістеріне қуанып, жеӊілістеріне күйінгенін айтты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны