22.08.2008, 13:54 28348

Қазақстанда техникалық білім берудің жаңа мемлекеттік стандарттары жасалады - Назарбаев

Қазақстанда техникалық білім берудің жаңа мемлекеттік стандарттары жасалады. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қостанай облысының Рудный қаласында ашылған халықаралық еңбек форумында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі. "Оқушыларды әлеуметтік қорғау жүйесі қайта қаралып, жаңа 45 оқу орны мен 41 жатақхана қосымша салынады, оқушылардың шәкіртақысы ұлғайтылады, жұмыс берушілердің қатысуымен жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарттары жасалады", - деді Н. Назарбаев.

Рудный. 22 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда техникалық білім берудің жаңа мемлекеттік стандарттары жасалады. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қостанай облысының Рудный қаласында ашылған халықаралық еңбек форумында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Оқушыларды әлеуметтік қорғау жүйесі қайта қаралып, жаңа 45 оқу орны мен 41 жатақхана қосымша салынады, оқушылардың шәкіртақысы ұлғайтылады, жұмыс берушілердің қатысуымен жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарттары жасалады", - деді Н. Назарбаев.

"Халықаралық тәжірибеден байқағанымыздай, көптеген елдер үшін кәсіби дайындық деңгейі жоғары жұмыс күші тұрақты даму кілтіне айналды. Бизнестің, жалпы экономиканың бәсекелестік қабілеті осыған тікелей тәуелді", -деді президент.

Оның айтуынша, осы проблеманың маңызын түсінген мемлекет осы бағытта өз қадамдарын жасай бастады. "Үкімет жобасын жасап, мен Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту жөніндегі 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны бекіттім", -деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты техникалық және кәсіптік білім берудің жалпы жүйесін модернизациялауға саяды. Бағдарламаның тек бірінші кезеңін жүзеге асыруға 55 млрд теңге қарастырылған.

"Соның нәтижесінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі еліміздің адами ресурстарын дамытуға өзіндік үлесін қосып, бәсекеге қабілетті мамандар дайындайтын болады", - деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны