12.06.2012, 12:09 2956

Қазақстанда техникалық тексеріс талондарынан бас тарту жоспарлануда

"Талон жайына тоқталсақ, айтып өтейін, жуық арада одан бас тартуды жоспарлап отырмыз", деп жазды ол сейсенбіде өзінің интернет-блогына.

Астана. 12-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанда техникалық тексеріс талондарынан бас тарту жоспарлануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Республиканың көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.

"Талон жайына тоқталсақ, айтып өтейін, жуық арада одан бас тартуды жоспарлап отырмыз", деп жазды ол сейсенбіде өзінің интернет-блогына.

Оның айтуынша, заңға бірқатар өзгерістер енгізілген соң және ақпараттық жүйе іске қосылған соң көліктің техникалық тексерістен өткізілгендігін қағаз түрінде дәлелдеудің еш қажеті болмай қалады.

"Жол полициясының инспекторы бұл деректерді электронды базадан онлайн-режимінде алып тұрады, демек, жалған талон алған жүргізушілер бірден әшкереленеді", деді ол.

А.Жұмағалиевтің айтуынша, тағы да бірқатар жаңалықтар енгізілмек екен. Мәселен, техникалық тексерістен өту кезінде "сақтандыру" қағазын көрсету қажет болмай қалады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны