06.12.2011, 13:19 3181

Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім алатын оқушылардың санын арттыру жоспарлануда

ҚР премьер-министрінің ресми сайтының хабарлауынша, еліміздің кәсіптік-техникалық білім жүйесінде техникалық және кәсіптік білім жүйесінің контингентін арттыруға бағытталған бірқатар шаралар қабылдануда. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім еткен.

Астана. 6-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім алатын оқушылардың санын арттыру жоспарлануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР премьер-министрінің ресми сайтының хабарлауынша, еліміздің кәсіптік-техникалық білім жүйесінде техникалық және кәсіптік білім жүйесінің контингентін арттыруға бағытталған бірқатар шаралар қабылдануда. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім еткен.

Техникалық және кәсіптік білім жүйесі контингенті бүгінде қысқартылып жатқан, колледждерге ауыстырылып жатқан жоғары оқу орындарының, салынып жатқан өңіраралық орталықтар мен колледждердің және еңбек нарығының сұранысын негізделген мемлекеттік тапсырысты арттырудың есебінен кеңейтілмек.

Атап айтқанда, техникалық және кәсіптік білім мекемелері мен Кадрлар дайындау және қайта мамандандыру жөніндегі өңіраралық орталықтардың құрылыстары есебінен, жоғары оқу орындарын оңтайландырудың нәтижесінде құрылған колледждердің есебінен, өңірлердің сұраныстарын ескере отырып техникалық және кәсіптік білім алған кадрларды дайындауға мемлекеттік тапсырысты арттырудың есебінен 2012-2015 жылдары техникалық және кәсіптік білім алатын оқушылардың саны ұлғайтылмақ.

Алдағы үшжылдық кезеңде техникалық және кәсіптік білім жүйесінің мазмұны да жаңартылып, кәсіби стандарттарға сәйкестендірілмек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны