29.07.2014, 20:08 7422

Қазақстанда "Технологияны коммерциялау" инновациялық ғылыми жоба байқауының қорытындысы бойынша 16 инновациялық жоба анықталды

Бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінде "Технологияны коммерциялау" инновациялық ғылыми жоба байқауының қорытындысы шығарылды,- деп хабарлады бүгін ҚР білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаев баспасөз конференциясында.

Алматы. 29 шілде. Kazakhstan today. Бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінде "Технологияны коммерциялау" инновациялық ғылыми жоба байқауының қорытындысы шығарылды,- деп хабарлады бүгін ҚР білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаев баспасөз конференциясында.

"Технологияны коммерциялау" жобасының жалпы бюджеті 9,5 млрд теңгені құрайды. Соның ішінде Дүниежүзілік банктің берген қарызы 983 млн теңге және республикалық бюджеттен 7,5 млрд теңге", - дейді министр орынбасары.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың қаңтарында гранттық бағдарлама байқауы жарияланған еді. Құжат қабылдау ай бойы жүзеге асырылды. ҚР БҒМ "Технологияны коммерциялау орталығы" ЖШС технологияны коммерциялау гранттары бағдарламасына қатысуға 2014 жылы берілген жалпы өтінімдер саны 526-ны құрады.

Т.Балықбаевтың айтуынша, бағдарлама мақсаты - өтініш берушілердің идеяларын коммерциялау, технологияны лицензиялау мақсатында оларды қаржыландыру, стартап компаниялар құру мен алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибемен жоғары технологиялы өнім сату.

"Бұл жобалар біздің оқымыстыларымыздың еңбегінің жемісі. Ендігі кезекте осыларды коммерциялап, нарыққа шығару керек. Илемдік деңгейдегі бәскекеге төтеп бере алу үшін көптеген қажыр-қайрат қажет", - дейді.

Қазақстанда 16 үздік инновациялық жобаның қорытындысы қараша айында жарияланады.

"Қараша айында біз үлкен кеңес өткізуді жоспарлап отырмыз, онда жобалар бойынша қорытындылар, жобалар нәтижесінің көрмесі мен тұрақты тұтынушылардың баяндамасы таныстырылады", - деді Т. Балықбаев.

Қазіргі таңда Білім және ғылым министрлігі Дүниежүзілік банкімен бірлесіп "Технологияларды коммерцияландыру" жобасын іске асыруда.Жоба аясында биылғы жылдың қаңтар айында гранттық бағдарлама бойынша байқау жарияланған. Өтінімдерді қабылдау ақпан айының соңына дейін бір ай жүргізілді. Байқау қорытындысы бойынша, 526 жобаның ішінде 16-сы үздік деп танылды.

Т. Балықбаевтың айтуынша, бағдарламаның мақсаты - өтініш берушілердің коммерциялық идеяларын бақылау, ол технологияны лицензиялауда қолданылады,стартап-компаниялардың қалыптасуы мен халықаралық тәжірибе есебінде жоғары сапалы өнімді сатуға мүмкіндік беру.

Қазақстанда ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастыру жұмыстарының коммерциялық бағытындағы 33 жоба іске асырылуда.

"Технологияны коммерциялау" жобасы аясында аға ғылыми қызметкер мен ғылыми қызметкер топтарына грант беру бағдарламасы іске асырылуда. Соның шеңберінде бүгінгі таңда жалпы құны 4,5 млрд теңгенің 33 жобасы анықталып, қазіргі таңда қаржыландырылуда. Бұл жобалар байқау бойынша халықаралық сарапшылар тарапынан іріктеліп алынды", - дейді ол.

Оның айтуынша, қаржыландыру көлемі мынадай: аға ғылыми қызметкерлер үшін 1,5 млн долларға дейін болса, төменгі санаттағы ғылыми қызметкерлер үшін 600 мың долларға дейін.

"Іріктеліп алынған осы жобалар қазіргі таңда өзін өзі коммерциялау деңгейіне жеткізілмек. Коммерциялау саласындағы халықаралық әріптестеріміз бастаманың қарқынына оң бағаларын беріп отыр", - дейді.

Айта кету керек, Технологияны коммерциялау жобасы Қазақстан мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы қарыз туралы келісім аясында іске асырылуда. "Технологияны коммерциялау" жобасының жалпы бюджеті 9512 млн теңгені құрайды.

Жоба үш құрамнан тұрады: Қазақстанның ғылыми базасын нығайту, ғылыми нарықпен байланыс құру және жобаларды басқару.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны