28.09.2012, 11:39 3112

Қазақстанда Темір жол көлігінде қала маңындағы жолаушылар тасымалын дамыту бағдарламасы мақұлданды

2012 жылғы 25 қыркүйекте ҚР көлік және коммуникация вице-министрі Қайрат Ибсаттаровтың төрағалығымен темір жол саласының мәселелеріне арналған мәжіліс болып өтті.

Астана. 28-қыркүйек. Kazakhstan Today - 2013-15 жылдарға арналған Темір жол көлігінде қаламаңы (ауданаралық) жолаушылар тасымалын дамыту бағдарламасы мақұлданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2012 жылғы 25 қыркүйекте ҚР көлік және коммуникация вице-министрі Қайрат Ибсаттаровтың төрағалығымен темір жол саласының мәселелеріне арналған мәжіліс болып өтті.

Оған облыс әкімдіктерінің, мемлекеттік органдардың, "Қазақстан темір жолы" АҚ" ҰК, "Жолаушылар тасымалы" АҚ мен "Қала маңындағы тасымалдаулар" АҚ-ның өкілдері қатысты.

ҚР ККМ-нің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, отырыс барысында қала маңындағы (ауданаралық) темір жол тасымалдауларында кездесетін проблемалар мен оларды шешу жолдары, сондай-ақ, Темір жол көлігінде қала маңындағы (ауданаралық) жолаушылар тасымалын дамыту бағдарламасының жобасы талқыланды.

Бұл бағдарламада келесі міндеттер қойылған:

- өңірлерді қол жетімді көлік қызметтерімен қамтамасыз ету;

- қала маңындағы бағдарлар жүйесін кеңейту;

- жылжымалы құрамды жаңартуға инвестиция тарту.

Икімдіктер мен мемлекеттік орган өкілдері Бағдарлама жобасын мақұлдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны