22.04.2008, 16:36 2969

Қазақстанда тергеу изоляторларының қызметкерлері жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстар деңгейінің өсуі байқалуда - ҚР Бас прокуратурасы

Қазақстанда тергеу изоляторларының қызметкерлері жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстар деңгейінің өсуі байқалуда - ҚР Бас прокуратурасы

Астана. 22-сәуір. "Қазақстан Бүгін " - Қазақстанда тергеу изоляторларының қызметкерлері жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстар деңгейінің өсуі байқалуда, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ҚР Бас прокуратурасында 2007 жылғы ҚР Иділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторлары қызметіндегі заңдылықтың жай-күйін талдау нәтижелерін қарау мәселесі жөнінде алқа мәжілісі өтті.

"Тергеу изоляторларының қызметкерлері жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстар деңгейінің өсуі де мазалап отыр. Барлық деңгейде жасалған қылмыстар - контролердан бастап мекеме бастығына дейін түрлі нысанда болып отыр, олар: заңсыз кездесулерге рұқсат беру, тыйым салынған заттарды өткізу, қызмет мүдделеріне сатқындық таныту, қорқытып ақша алу".

Сонымен қатар тергеушілік оқшаулау орнының кейбір қызметкерлерімен есірткінің заңсыз айналымымен байланысты қылмыстар жасалады.

Одан басқа, көрсетілген себептерге байланысты тыйым салынған заттардың еніп кету арналары жабылмай отыр. Осылайша, 2007 жылы республиканың тергеушілік оқшаулау орнында 2006 жылға қарағанда мекеме аясына енгізілген ұялы телефондардың саны көбейген.

Шолуларды қарау нәтижесі бойынша Бас прокуратура ҚР Иділет министрлігі атына заң бұзушылықты жою жөнінде ұсыныс енгізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны