14.01.2019, 19:12 6570

Қазақстанда террористік актілер дайындады деген күдікпен Орталық Азияныӊ тумалары ұсталды

Тергеу болжамына сай, ұсталған тұлғалар шетелдегі ДАИШ содырларыныӊ тапсырмасы мен олардыӊ басшылылық етуімен әрекет еткен.

Астана. 14 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстанда террористік актілер дайындады деген күдікпен Орталық Азияныӊ тумалары ұсталды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК басмпасөз қызметі.

"2019 жылдыӊ 10 қаӊтарында Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті өткізген арнайы операция нәтижесінде террористік актілер жасауға дайындалған деген күдікпен Орталық Азияныӊ тумалары болып табылатын шетел азаматтарынан құралған топ мүшелері ұсталды.

Күдіктілердіӊ уақытша тұрып жатқан мекенжайларын тінту кезінде олардан өте қуатты жарылғыш заттар әзірлеуге арналған көп мөлшердегі компоненттер, сондай-ақ қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді.

Тергеу болжамына сай, ұсталған тұлғалар шетелдегі ДАИШ содырларыныӊ тапсырмасы мен олардыӊ басшылылық етуімен әрекет еткен.

Жарылғыш заттар мен атыс қаруларын қолдану арқылы Алматы қаласында халық көп шоғырланатын орындарда шабуыл жасауға ниет еткен.

Тергеу амалдары жалғасуда",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны