27.02.2012, 12:17 3115

Қазақстанда ТКШ секторында энергия үнемдеудің салалық жоспары жасалды

Құрылыс және ТКШ істері жөніндегі агенттік материалдарға, жабдықтар мен әдістемелерге қойылатын жаңа талаптарды қамтитын және сектордағы жылу үнемдеу мәселесіне бағытталған бірқатар нормативтік-құқықтық және нормативтік-техникалық құжаттардың жобаларын әзірлеуде, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің ресми сайтында.

Астана. 27-ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанда ТКШ секторында энергия үнемдеудің салалық жоспары жасалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Құрылыс және ТКШ істері жөніндегі агенттік материалдарға, жабдықтар мен әдістемелерге қойылатын жаңа талаптарды қамтитын және сектордағы жылу үнемдеу мәселесіне бағытталған бірқатар нормативтік-құқықтық және нормативтік-техникалық құжаттардың жобаларын әзірлеуде, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің ресми сайтында.

"Кешенді жоспарды жүзеге асырудың аясында ТКШ секторында энергия үнемдеудің салалық жоспарын жасау, ТШК жаңғырту бағдарламасы бойынша терможаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін тұрғын үй ғимараттары мен әлеуметтік-мәдени нысандарға энергетикалық тексеру жүргізу жоспарланып отыр.Осынау шаралардың нәтижесінде бюджеттік ұйымдарда күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында энергия тиімділігі мен терможаңғыртудың критерийлерін енгізу туралы ұсыныстар әзірленеді",- деп хабарлады Орталықтан.

Бұған қоса, 25 отандық энергоаудит-маманды дайындау жұмыстары жүргізілуде. Дайындау жұмыстары Қазақстанның климаттық жағдайына бейімделген солтүстік еуропалық "ENSI" бағдарламасы бойынша жүргізілуде. Оқытылатын мамандар да іріктеп алынды.

Тағы бір маңызды міндет, Елбасының тапсырмасы бойынша Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларында үш Энергия үнемдеу орталығын салу болып табылады. Ол Орталықтарда алдыңғы қатарлы жабдықтар орнатылып, энергия және ресурс үнемдеуші технологиялар мен материалдар қолданылатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны