17.07.2014, 20:55 3175

Қазақстанда ТМД жастарының статистикалық портреті таныстырылды

Бүгін Астанадағы БҰҰ қорының Шығыс Еуропа мен Орта Азия елдерінің халық санағы саласындағы Өңірлік кеңсесі, ТМД мемлекетаралық статистикалық комитеті мен ҚР Статистика агенттігінде "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы жастарының: статистикалық портреті" статистикалық жинағы таныстырылды.

Алматы. 17 шілде. Kazakhstan today. Бүгін Астанадағы БҰҰ қорының Шығыс Еуропа мен Орта Азия елдерінің халық санағы саласындағы Өңірлік кеңсесі, ТМД мемлекетаралық статистикалық комитеті мен ҚР Статистика агенттігінде "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы жастарының: статистикалық портреті" статистикалық жинағы таныстырылды.

Жинақ достастық мемлекеттері - Изірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина мен статистика саласындағы тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен ұлттық статистикалық қызметке қосқан үлесінің арқаыснда мүмкін болған ЮНПФА мен ТМД Статистикалық комитетінің нәтижесі болып табылады.

"Айта кету керек, аталмыш жинақтың шығарылуы Астанадағы БҰҰ қорының Шығыс Еуропа мен Орта Азия елдерінің халық санағы саласындағы Өңірлік кеңсесі, ТМД мемлекетаралық статистикалық комитеті мен ҚР Статистика агенттігінің бірлескен еңбегінің жемісі болып табылады. Жинақ тақырыбы, менің ойымша, өте өзекті. Өйткені 2015 жылдан кейін жастар саясаткерлердің назарынан тыс қалмай олардың әрбір мәселелері күн тәртібіне шығарылып, адамзаттың дамуы мәніндегі деңгейде қарастырылуы керек. Осы жинақта жастардың ісіне қатысты барлық мәліметтер бүге-шігесіне дейін қарастырылған", - дейді ҚР Статистика агенттігінің төрағасы орынбасары Жасер Жарқынбаев.

ЮНФПА, Біріккен Ұлттар Ұйымының Халық саны саласындағы Қоры бұл әйелдер мен жастардың сексуалды және репродуктивті денсаулығына, сау балаларды тууға қатысты мүмкіндіктерін кеңейтетін БҰҰ-ның жетекші агенттігі. ЮНФПА елдерге кедейлікті азайтуға бағытталған саясаттар мен бағдарламаларды әзірлеу кезінде, сондай-ақ, әрбір жүктілік қалаулы, ал әрбір босанудың қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету, барлық жастар өз мүмкіндігін жүзеге асыра алу үшін мемлекеттерге мәліметтерді қолдануда көмек көрсетеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны