Система Orphus

Қазақстанда Төмен байытылған уран банкін орналастыру экологияға қауіп төндірмейді

15.06.2015, 12:32 2247

Астана. 15 Маусым. Kazakhstan Today - Өскеменде МАГАТЭ-ныӊ төмен байытылған уран банкін орналастыру сарапшылардыӊ бағалауынша аймақтыӊ экологиясына қауіп төндірмейді, деп хабарлады ҚР СІМ ерекше тапсырмалар бойынша елшісі Барлыбай Садықов, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Банкті орналастыру еліміздіӊ саяси және тәжірибелік мүддесіне жауап беретін болады. Бұл Қазақстанныӊ жаппай таратпау режимін нығайу мен ядролық қауіпсіздікке қосқан кезекті үлесі болмақ. Банк МАГАТЭ талаптарына жауап беретін еӊ заманауи нысандардыӊ бірі болады, осылайша ол еліміздіӊ ядролық материалдарды жеткізуші ел ретіндегі біделіне оӊ әсер етеді. Осы ретте заӊнамалық база арқылы ядролық материалдармен жұмыс істеу шарттары күшейтіледі", - деді Б.Садықов ОКҚ-да, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, Өскеменде МАГАТЭ-ныӊ төмен байытылған уран банкін орналастыру сарапшылардыӊ бағалауында аймақтыӊ экологиясына қауіп төндірмейді

"Төмен байытылған уран радиактивті қалдық болып есептелмейді, қызықты емес және лаӊкестер үшін де тартымды емес. Себебі оны сәйкесінше құрал мен нысансыз ядролық қару жасауға пайдалану мүмкін емес. Оныӊ үстіне мұндай материл 50 жыл бойы Өскемендегі кәсіпорында сақталды және қосымша 60 цилиндр аймақтыӊ қауіпсіздігі мен экологиясына қауіп төндірмейді", - деп атап өтті ол.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны