29.05.2007, 14:36 3707

Қазақстанда төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару отрядтары жеткіліксіз - Храпунов

АСТАНА. 29 - мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Виктор Храпунов бүгінде республикада жұмыс істейтін жедел-құтқару отрядтарының саны жеткіліксіз деп санайды. Бұл туралы ол үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Он төрт жедел-құтқару отряды еліміздің барлық аумағы бойынша төтенше оқиғаларға жедел және дер кезінде әрекет етуді қамтамасыз ете алмайды",- деді В. Храпунов.

Ол соңғы 5 жылда министрліктің жедел-құтқару бөлімшелерінің оқиға орнына барулары 2,3 есеге өскендігін еске сала кетті. "Көрсетілген кезеңде Төтенше жағдайлар министрлігінің күшімен 115 мың адам құтқарылған",- деп атап көрсетті министр.

Сөйтсе де, оның бағалауынша, төтенше жағдайларды жою мүмкіндігі салыстырмалы түрде ең осал аймақ - еліміздің батыс өңірі болып табылады, себебі "онда төтенше жағдайлар министрлігінің күші жоқтың қасы". Сонымен қатар, В. Храпуновтың айтуынша, елімізде "Каспийдегі мұнай кеніштерін игеру кезінде болуы мүмкін транспорттық және өнеркәсіптік апаттарды жою мүмкіндігі бар апаттық-құтқару қызметі жоқ".

Осыған байланысты, төтенше жағдайлар министрі Каспийде Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандандырылған теңіз апаттық-құтқару отрядын құру жоспарланып жатқандығын түсіндіріп өтті. "Сонымен қатар, бүгінде төрт облыс орталығында - Көкшетау, Талдықорған, Ақтау және Петропавл қалаларында жеке апаттық-құтқару отряды жоқ, ол жерлерде біз арнаулы отряд құрмақпыз. Одан әрі еліміздің дамуының екінші кезеңіне өту - адам саны 50 мыңнан асатын қалаларда осы тектес құрылымдар құру көзделуді",- деп қосты В. Храпунов.

Оның айтуынша, Төтенше жағдайлар министрлігінің іс-қызметінің басым бағыттарының қатарына алдағы жылдарда "біздің құтқарушыларымызды халықаралық құтқарушылар корпусына біріктіру" кіреді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны