23.05.2014, 22:42 3694

Қазақстанда туристік салаға қатысты карта жасақталады

ҚР ИЖТМ индустрия және туризм комитеті мен "Парасат" ҰҒТХ география институты туристік салаға арналған карта жасақтауда.

Алматы. 23 мамыр. Kazakhstan today. ҚР ИЖТМ индустрия және туризм комитеті мен "Парасат" ҰҒТХ география институты туристік салаға арналған карта жасақтауда.

Астана экономикалық форумы аясында ҚР ИЖТМ индустрия және туризм комитетінің төрағасы Марат Иғалиев пен "Парасат" ҰҒТХ география институтының директоры Медеу Ахметқали туристік салада ынтымақтастыққа келді.

Медеу Ахметқали бүгін Астанада институт филиалының ашылу рәсімі өтетіндігін атап өтті.

Филиалдың құрылуы қаржы шығынын қысқартуға мүмкіндік береді, деп ҚР ИЖТМ индустрия және туризм комитетінде хабарлады.

Институт жақын арада Астана агломерациясының тұрақты дамуына бағытталған бірқатар жобаларды жүзеге асырмақ. Аталмыш шаралар "ЭСПО-2017" көрмесін өткізу алдында жүзеге асады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны