06.06.2014, 23:08 3142

Қазақстанда туризмді дамытудың 5 кластері анықталды - М.Иғалиев

Қазақстанда "2020 жылға дейін туристік саланы дамыту тұжырымдамасы" аясында аумақтық түрде 5 кластер анықталды, деп хабарлады бүгін Туризмді қолдау күніне арналған "дөңгелек үстел" отырысында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Индустрия туризмі комитеті төрағасы Марат Иғалиев.

Алматы. 6 маусым. Kazakhstan today. Қазақстанда "2020 жылға дейін туристік саланы дамыту тұжырымдамасы" аясында аумақтық түрде 5 кластер анықталды, деп хабарлады бүгін Туризмді қолдау күніне арналған "дөңгелек үстел" отырысында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Индустрия туризмі комитеті төрағасы Марат Иғалиев.

"Тұжырымдама халықаралық консалтингілік компаниялардың қатысуымен жасалды. Жалпы, біз дамудың 5 кластерін анықтадық: Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан",- деді М.Иғалиев.

Сонымен, оның айтуынша, Шығыс Қазақстан экологиялық туризмді, Ал Алматы - тау туризмін дамыту орталығы ретінде қаралады. Оған қоса, Астана мен Алматы іскерлік туризмді дамыту орны ретінде белгіленуде. Оңтүстік Қазақстан аумағы мәдени туризмді дамыту орталығы, ал Батыс Қазақстан мәдени және "жағажайлық" демалыс орны ретінде анықталды.

Сондай-ақ, Комитет басшысы аталған кластерлер аясында ұлттық жобаларды жүзеге асыру қарастырылғанын атап өтті, деп Премьер-Министрдің ресми порталы хабарлады.

Бұдан өзге, курорттық аймақ құру күрделі қаржы шығынының 3 элементін болжайды: сыртқы магистральдік инфрақұрылым, ішкі инженерлік және туристік инфрақұрылым, коммерциялық нысандар. Сыртқы инырақұрылымды дамыту басқа елдердің мысалында мемлекет есебінен толығымен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.

"Инвестициялардың экономикаларға қайтымы жаңа жұмыс орындарын құру арқылы бюджетке түсім кезінде қамтамасыз етіледі, жалпы құрылымда күрделі қаржы шығындарының үлесі шамамен 15-25%-ды құрайды", - деп толықтырды ол.

М.Иғалиев түсіндіріп өткендей, ішкі инженерлік инфрақұрылым төмен кірістілігі мен ұзақ мерзімді қайтымымен мемлекеттік-жеке меншік серіктестік форматында инвестициялар талап етеді. Сонымен, бұл сегментте шығындар үлесін Комитет жалпы шығындардың 20-35% көлемінде деп қарайды. Оған қоса, жылжымайтын мүлікке шығындар шамамен 50-60%-ды құрайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны