17.09.2012, 16:57 3215

Қазақстанда үкіметтің ресми өкілі қызметі бекітілді

"ҚР мемлекеттік органдарының трансфаренттілігін арттыру және биліктің жұмысы жөнінде жұртшылыққа толыққанды ақпарат беру мақсатында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен Премьер-Министр Кеңсесінің жанынан Орталық коммуникациялар қызметі құрылып, Үкіметтің ресми өкілі тағайындалды", - деді дүйсенбі күні БАҚ өкілдерімен ұйымдастырылған брифинг барысында Е. Ашықбаев.

Астана. 17-қыркүйек. Kazakhstan Today - Биліктің жұмысы туралы жұртшылық хабардар болып отыруы үшін үкіметтің ресми өкілі лауазымы бекітілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы үкіметтің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті.

"ҚР мемлекеттік органдарының трансфаренттілігін арттыру және биліктің жұмысы жөнінде жұртшылыққа толыққанды ақпарат беру мақсатында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен Премьер-Министр Кеңсесінің жанынан Орталық коммуникациялар қызметі құрылып, Үкіметтің ресми өкілі тағайындалды", - деді дүйсенбі күні БАҚ өкілдерімен ұйымдастырылған брифинг барысында Е. Ашықбаев.

Оның айтуынша, Орталық коммуникациялар қызметінің мақсаты -мемлекеттік органдардың ақпараттық кооперациясын арттыру арқылы бұқаралық ақпарат құралдарымен жұртшылыққа мемлекеттік органдардың ресми ұстанымын қолма-қол жеткізу.

"Мемлекет басшысы Қазақстан туралы ақпараттың ғаламдық аымының, модернизациялық үдерістің динамизмі туралы маңыздылығын атап көрсетті. Демек біз шетелдік БАҚ-тармен серіктестік диалог пен өзара сенім шартымен тығыз ынтымақтастыққа бейімбіз", - деді ресми өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны