11.01.2007, 12:42 3194

Қазақстанда үкіметтің жаңа құрамы жасақталды

АСТАНА. 11-қаңтар. Kazakhstan Today. Қазақстанда үкіметтің жаңа құрамы жасақталды. Ахметов үкіметіндегі көптеген министрлер Кәрім Мәсімов басқаратын үкіметте өз лауазымдарында қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі. Қазақстан үкімет басшысы болып бұған дейін вице-премьер міндетін атқарған Кәрім Мәсімов тағайындалды. Үкімет басшысының жалғыз орынбасары әрі республиканың экономика және бюджетті жоспарлау министрі болып Аслан Мусин тағайындалды.

АСТАНА. 11-қаңтар. Kazakhstan Today. Қазақстанда үкіметтің жаңа құрамы жасақталды. Ахметов үкіметіндегі көптеген министрлер Кәрім Мәсімов басқаратын үкіметте өз лауазымдарында қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Қазақстан үкімет басшысы болып бұған дейін вице-премьер міндетін атқарған Кәрім Мәсімов тағайындалды. Үкімет басшысының жалғыз орынбасары әрі республиканың экономика және бюджетті жоспарлау министрі болып Аслан Мусин тағайындалды.

Төтенше жағдайлар министрлігін бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі болған Виктор Храпунов басқаратын болды. Бүгінге дейін президенттің көмекшісі әрі Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болған Марат Тәжин сыртқы істер министрлігінің басшысы болып бекітілді. Бұрынғы үкімет басшысы Даниал Ахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды. Сонымен бірге Ғалым Оразбақов - индустрия және сауда министрі, Жансейіт Түймебаев - білім және ғылым министрі болып тағайындалды.
Басқа министрлер лауазымдарын сақтап қалды. Мәселен, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлықтарына сәйкес:

Ахметжан Смағұлұлы Есімов- Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығы министрі;

Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов- Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресуртар министрі;

Бауыржан Илімұлы Мұхамеджанов - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;

Дерновой Анатолий Григорьевич- Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;

Ахметов Серік Нығметұлы- Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі;

Зағипа Яхияқызы Балиева - Қазақстан Республикасының Иділет министрі;

Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі;

Темірхан Досмұхамбетов - ҚР туризм және спорт министрі;

Ыскаков Нұрлан Ибділдаұлы - ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі;

Наталья Артемовна Коржова - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;

Гүлжан Қарағұсова - Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.

ҚР Конституциясына сәйкес, үкімет басшысы тағайындаудан бір айдан кейін парламентке үкіметтің бағдарламасы туралы баяндамасын таныстыруға тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны