25.06.2014, 22:10 2717

Қазақстанда үлескерлерге келетін қатерді азайтуға бағытталған заң жобасы дайындалды -ӨДМ

"Тұрғын үй құрылысындағы үлескерлік қатысу туралы" заң жобасы аясында үлескерлік құрылысқа қатысушыларға келетін қатерді азайту қарастырылуда. Бұл туралы бүгін ОКҚ брифингінде өңірлік даму министрі Болат Жәмішев мәлімдеді.

Алматы. 25 маусым. Kazakhstan today. "Тұрғын үй құрылысындағы үлескерлік қатысу туралы" заң жобасы аясында үлескерлік құрылысқа қатысушыларға келетін қатерді азайту қарастырылуда. Бұл туралы бүгін ОКҚ брифингінде өңірлік даму министрі Болат Жәмішев мәлімдеді.

"Тұрғын үй құрылысындағы үлескерлік қатысу туралы" заң жобасы аясында үлескерлік құрылысқа қатысушыларға келетін қатерді азайту қарастырылуда", - дейді Б.Жәмішев.

Оның айтуынша, заң жобасында 2 механизм қарастырылған. Бірінші кестеге сай салушы тарапынан жобалық компания банк арқылы несиелендіріледі.

"Бұл жағдайда үлескерлер қаражатын нөлдік цикл кезеңінен-ақ тартуға рұқсат етіледі. Яғни, салушы үлескер қаржысын тартуға рұқсат алудан бұрын өз қаражатының 20-30 пайызын жобаға салуға міндеттеледі. Ал бұрындары қаражатты мақсатты пайдалануды бақылайтын инжинирингтік компаниялармен келісім құрып, құрылыс барысында әрбір төлеуші рұқсат береді", - дейді министр.

Екінші кестеге сай, салушылар банктік несиені пайдаланбайтын жағдай да қарастырылған.

"Бұл жағдайда талаптар жоғары. Үлескерлер қаражатын тек үйдің қаңқасы құрылғанда ғана алуға рұқсат етіледі. Мұнда да инжинирингтік компания тартылады. Ол үлескерлер алдында есеп беріп, қаражатты мақсатты пайдалану жағын бақылайды. Аталмыш механизмдер үлескерлердің құрылысқа қатысуындағы келетін қатерді азайтады. Сонымен қатар, қарапайым халықтың үлескерлік құрылысқа қатысуына кепілдік береді. Бұл да коммерциялық қатынас, алайда қатерлер деңгейі аз", - дейді.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда ӨДМ ипотекалық қарыздарды кепілдендіру қорын құру бойынша Корей тәжірибесін зерттеп жатыр.

Сонымен қатар, ол "халықаралық сауда" индикаторы бойынша электронды кедендік хаттау жүйесін енгізудің арқасында айтарлықтай ілгерілеушіліктер болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны