09.01.2013, 09:56 3066

Қазақстанда үлестік құрылыс заңнамасына өзгертулер енгізіледі

Қазақстанда үлестік құрылыс заңнамасына өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі. Бұл жөнінде бүгін "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде" өткен баспасөз мәслихатында ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі төрағасының орынбасары Николай Тихонюк мәлім етті.

Астана. 9-қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанда үлестік құрылыс заңнамасына өзгертулер енгізіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда үлестік құрылыс заңнамасына өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі. Бұл жөнінде бүгін "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде" өткен баспасөз мәслихатында ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі төрағасының орынбасары Николай Тихонюк мәлім етті.

"Қазірде Президент тапсырмасымен үлестік құрылыс жөніндегі заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу мәселесі қаралуда. Онда сақтандыру қарастырылатын болады. Бұл заңның талаптары қатаң", - деді Тихонюк.

Оның айтуынша, бұл шара елімізде 2005-2008 жылдары болған жағдай қайталанбас үшін қолға алынып отыр.

"Осы жылдары 100 мыңнан астам қазақстандық алданып қалды. Оның 60 мыңы үшін мемлекетке қомақты қаражат - 500 млрд теңгеден астам қаржы бөлуге тура келді. Бүгінгі күні 60 мың азаматтан үй алмаған 4 мың адам қалды. Олар 2013 жылы баспанаға қол жеткізеді", - деп атап өтті құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі төрағасының орынбасары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны