28.12.2015, 16:31 5672

Қазақстанда Ұлтық дәрілік формуляр жасалды

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР ДСИДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетініӊ төрайымы Лариса Пак аталған мәселеге арналған брифингте мәлімдеді

Алматы. 28 желтоқсан. Kazakhstan Today - Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР ДСИДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетініӊ төрайымы Лариса Пак аталған мәселеге арналған брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Дәрілік қамтамасыз ету мәселесі - мемлекеттіӊ ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қатысты. Сондықтан да әрбір мемлекеттіӊ халыққа ұсынатын дәрілік заттарыныӊ сапасы мен қолжетімділігі, қауіпсіздігі мәселелерін шешу жолдарын қарастыратын өзіндік дәрілік қамтамасыз ету ұлттық саясаты болуы тиіс. Қазіргі таӊда Қазақстанда дәрілік заттарды тиімді қолдану мақсатында "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР Кодексін жүзеге асыру шараларына республикада тіркелген барлық клиникалық тиімділігі дәлелденген дәрілік заттар туралы, мүмкін болар кері әсерлері және әрбір дәрініӊ шектік бағасы туралы ақпарат қамтылған Ұлттық дәрілік формуляр (әрі қарай - ҚҰФ) енгізілуде", - деді Лариса Пак.

Ол формулярды жасау барысында еӊ үздік халықаралық тәжірибеніӊ, фармакотерапияны жүргізудіӊ дәлелді негізделген тәсілдері, клиникалық және экономикалық тиімді, қауіпсіз дәрілік заттарды тұтыну дәрежесін зерттеу мәліметтері, әрбір ауруды емдеу курсыныӊ бағасы туралы ақпарат қолданылғанын хабарлады. Құжатты дайындауға Дүниежүзілік Банк сарапшылары, әлемде "алтын стандарт" болып есептелетін және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ модельдік формуляры - Британ ұлттық дәрілік формулярын құраушы Дункан Энрайт, сонымен бірге, Еуропа, Австралия және Қазақстанныӊ еӊ үздік мамандары қатысты.

"ҚҰФ бәсекелестік ортаны кеӊейтуге, дәрілік заттарды сатып алудағы қаржылық адалдықты, сонымен қатар, дәрілік қамтамасыз етудіӊ пациентке бағдарланған моделі негізінде препараттарды таӊдау мүмкіндігін береді. Осылайша, ол тек дәрігерлер үшін ғана емес, еліміздіӊ барлық азаматтары үшін ауқымды анықтамалық болмақ. Сондай-ақ, ол әрбір медициналық ұйымға өзініӊ дәрілік формулярын құруға, дәрілердіӊ бағасы мен бағдарына қарай бюджетті дұрыс жоспарлауға жәрдемдеседі", - деп атап айтты Лариса Пак.

Дәрілік заттардыӊ шектік бағасын анықтау мен оны әрі қарай ҚҰФ-қа енгізу мақсатында баға белгілеу қағидаларыныӊ жаӊа үлгісі енгізілді. Ол референтті баға белгілеу қағидаларына (ішкі және сыртқы), фармөндірушілер және олардыӊ ресми өкілдерімен тікелей келіссөздер жүргізу және бағаларды тіркеу процестеріне негізделген.

"Қазіргі таӊда ҚР ДСИДМ мамандары референтті баға белгілеу қағидаларына сай 3 мыӊнан астам дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардыӊ бағаларын саралады, аталған бағаларды арзандату бойынша фармөндірушілермен келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде дәрілік заттардыӊ 2842 бағасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдардыӊ 239 бағасы тіркелді. Ол 2015 жылдағы бағамен салыстырғанда 10%-дан 50%-ға дейін төмендеді", - деп хабарлады Лариса Пак.

Бүгінде ҚҰФ-қа 616 халықаралық патенттелген дәрілік заттардыӊ атаулары, сонымен бірге, Дәрілік заттардыӊ мемлекеттік реестрінде шектік бағасы анықталған дәрілік заттардыӊ 2842 атаулары енгізілді. ҚҰФ-ты жандандыру бойынша жұмыс тұрақты түрде жүргізілетінін атап айту қажет.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны