24.01.2013, 10:21 3355

Қазақстанда Ұлттық даму агенттігі құрылады

"Бұл агенттік экономиканың дамуы үшін қызмет етуі керек. Жеке әрбір сала бойынша, біз мақсат еткен міндеттер бойынша, ұзақмерзімдік несиелерді қажет ететін жобалар бойынша жұмыс істеуі керек", деді Н.Назарбаев өз сөзінде.

Астана. 24-қаңтар. Kazakhstan Today - 2012 жылдың қорытындысына және 2050 жылға дейінгі Стратегияны іске асыру міндеттеріне арналған кеңесте Елбасы Н.Назарбаев Үкіметке барлық мемлекеттік даму институттары мен қаржы ұйымдары қарамағына берілетін Ұлттық даму институтын құру туралы тапсырма берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бұл агенттік экономиканың дамуы үшін қызмет етуі керек. Жеке әрбір сала бойынша, біз мақсат еткен міндеттер бойынша, ұзақмерзімдік несиелерді қажет ететін жобалар бойынша жұмыс істеуі керек", деді Н.Назарбаев өз сөзінде.

Естеріңізге сала кетейік, Ақордада Елбасының қатысуымен өтіп жатқан кеңесте 2012 жылдың қорытындысы мен 2050 жылға дейінгі Стратегияны іске асыру міндеттері қаралуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны