23.04.2007, 14:37 3877

Қазақстанда Ұлттық инвесторлар кеңесі құрылады - телеарна

Қазақстанда Ұлттық инвесторлар кеңесі құрылады - телеарна

АЛМАТЫ. 23 - сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстанда Ұлттық инвесторлар кеңесі құрылады. Бұл туралы өткен жұмадағы Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің қазақстандық бизнесімендермен әлеуметтік маңыздағы жобаларды талқыланған кездесуінде белгілі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ИКТКИ телеарнасына сілтеме жасай отырып.

ИЕлдегі менің тұрақты қолдауыммен жүргізілген реформалар арқасында бизнес дамыдыИ,- деді Н. Назарбаев. ИЕстеріңізде болса, сіздердің барлықтарыңыз өз қолдауларыңызды көрсеттіңіздер, себебі үкімет те, экономика да, аймақ та дайын болмаған. Егер сіздер осындай қолдаулар көрсетпегенде, сіздердің көтерулеріңіз екі талай едіИ,- деп қосты президент.

ИБіз сіздердің мүмкіндіктеріңізді білемізИ,- деді елбасы. ИЕгер сіздер бірлесіп, дара жұмыс істейтін болсаңыздар, сіздер біздің экономикамыздағы үлкен үлеске ие боласыздарИ,- деп атап өтті Н. Назарбаев.

Телеарнаның ақпараттарына сүйенсек, қазақстандық инвесторлардың экономикаға қосқан үлесі бүгінгі күнде 80 млрд АҚШ долларын құрайды, бұл шетелдік инвестициядан 20 млрд АҚШ долларына артық. Президент, ақшаны тек пайда әкелетін салаларға ғана емес, сонымен қатар экономиканың басқа да салаларына салу қажет екендігін атап өтті.

Инвесторлар президентке өздерінің оншақты жобаларын ұсынды. Президент ұсынылған жобалардың жалпы сомасын атады - 40 млрд АҚШ доллары.

Кәсіпкерлер салықты төмендетуге ұсыныс жасады. ИКорпоративті табыс салығын 10 пайызға дейін, НДС - 10 пайызға дейін төмендетіп, салық есебін қысқарту және дара кәсіпкерлерді нақты регламенттеу сияқты нақты ұсыныстарымыз барИ,- деді Қазақстанның Кәсіпкерлер форумы кеңесінің төрағасы Райымбек Баталов.

Сонымен қатар, кәсіпкерлер кеден заңының жетілмегендігін атап көрсетті. ИБүгінгі кеден саясаты әртүрлі көптеген сыбайлас жемқорлықтарға жол береді. Біздің нақты ұсынысымыз - кедендік баж салығын унификациялауИ,- деп қосты ол.

Президент ең болашағы зор жобаны бір айдан кейін ұсынуды тапсырды, деп қорытындылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны