18.01.2011, 17:51 4534

Қазақстанда Ұлттық спутниктік сандық телерадио таратылым желісі іске қосылды

Бүгін Астана қаласында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық спутниктік сандық телерадио таратылым желісін іске қосты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 18 - қаңтар. Kazakhstan Today - Бүгін Астана қаласында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық спутниктік сандық телерадио таратылым желісін іске қосты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, спутниктік сандық телерадио таратылымының іске қосылуымен республикамыздың барлық тұрғындары, оның ішінде еліміздің шекарасында орналасқан елді мекен тұрғындары алғаш рет спутниктік байланыс арқылы 37 республикалық және аймақтық телеарналарды тегін көру мүмкіндігіне ие болды. Қазіргі уақытта тестік режимде көрсетіліп жатқан тегін топтамаға 18 республикалық, 14 облыстық телеарна мен 3 радио желісі енгізілген. Сонымен қатар абоненттер ақылы топтама негізінде 50 шетелдік телеарналарды да көре алады.

Ол үшін спутниктік сандық телерадио таратылым желісін іске қосу шарасы аясында Алматы, Астана және Орал қалаларында орналасқан қабылдап -таратқыш 3 стансы заман талаптарына сай жаңартылған. Сондай-ақ "Қазақстандық телекоммуникациялар" АҚ-ның спутниктік желісі жаңа DVB-S2 MPEG4, 8PSK стандарттарына көшірілді.

Ұлттық телерадио таратылым желісін құрудың келесі кезеңінде аналогтық желідегі эфирлік хабар таратуды DVB/T2 стандартындағы сандық стандартқа ауыстыру міндеті тұр. Аталған жобаны жүзеге асыру 2011-2014 жылдарға есептелген және еліміздің барлық аймағын сандық-эфирлік телерадио таратылым желісімен қамтуға негізделген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны