17.07.2013, 14:13 4084

Қазақстанда үстіміздегі жылдың қарашасында СПЕКА экономикалық форумын өткізу көзделген

Орталық Азия елдерінің экономикалары үшін БҰҰ арнайы бағдарламасының экономикалық форумы (СПЕКА) және Қазақстан төрағалығымен СПЕКА Басшылар құрамының отырысы қараша айында Қазақстанда өтеді, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Астана. 17-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанда үстіміздегі жылдың қарашасында СПЕКА экономикалық форумын өткізу көзделген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Орталық Азия елдерінің экономикалары үшін БҰҰ арнайы бағдарламасының экономикалық форумы (СПЕКА) және Қазақстан төрағалығымен СПЕКА Басшылар құрамының отырысы қараша айында Қазақстанда өтеді, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

"2013 жылғы қарашада Қазақстанда Орталық Азия елдерінің экономикалары үшін БҰҰ арнайы бағдарламасының экономикалық форумы (СПЕКА) және Қазақстан төрағалығымен СПЕКА Басшылар құрамының отырысы, сондай-ақ Тұрақты даму бойынша мемлекетаралық комиссиясы өтеді", - делінген мәлімдемеде.

Аталған мәлімдеме Таиланд Корольдігіндегі ҚР Елшісі Марат Есенбаевтың БҰҰ Бас хатшысының орынбасары - АТМЭИК-тың Атқарушы хатшысы доктор Ноэлин Хейзермен кездесу нәтижесінде дайындалды.

Атап өтілгендей, бұл іс-шаралар барысында аймақтық экономикалық интеграцияны құру үшін су, энергия және азық-түлік бойынша "тоғысу мәселелерін" шешу жолдары, мақсаттары мен мүмкіндіктерін талқылау жоспарланып отыр.

"Кездесу барысында жасыл экономиканың дамуы мен тұрақты даму үшін баламалы энергетиканы қолдануға бағытталған "Жасыл көпір" аймақаралық серіктестік бағдарламасы (ЖКСБ) ретінде Қазақстанның "Жасыл көпір" бастамасына айрықша көңіл бөлінді", - делінген мәлімдемеде.

Қазақстан аймақтың әлеуетін күшейтуге бағытталған және өзінің тәжірибелік іске асыру сатысына жеткен аталған бастаманы ілгерілетуде АТМЭИК-тың кейінгі қолғабысына сенеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны