01.09.2009, 14:11 2457

Қазақстанда заң шығару процессінің сапасын еуропалық стандарттарға жақындату керек - Қазақстан президенті

Қазақстанда заң шығару процессінің сапасын еуропалық стандарттарға жақындату керек - Қазақстан президенті

Астана. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда заң шығару процессінің сапасын еуропалық стандарттарға жақындату керек. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның IV шақырылған парламентінің ІІІ сессиясының ашылуында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Елімізде заң шығару процессінің сапасын еуропалық стандарттарға біршама жақындату керек ", - деді Н. Назарбаев.

"Парламент барлық мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, еліміздің ЕҚЫҰ-ның төрағасы функциясын атқаруына белсене атсалысуға тиіс", - деді ол.

"Қазақстан осы міндеттемесін лайықты атқарып шығуы, сол арқылы өзінің халықаралық саясаттағы беделі мен ықпалын бекіте түсуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасау - баршамыздың парызымыз", - деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны