17.04.2013, 14:09 3269

Қазақстанда зейнеткерлік жасты арттыру есебінен 500 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарланған

Республикада зейнетақы жүйесін жетілдіру шеңберінде және әйелдердің зейнеткерлік жасын арттыру есебімен "Жұмыспен қамтудың жол картасын - 2020" қабылдап, жалпы саны 500 мың болатын жұмыс орнын құру жоспарланған, деп хабарлады Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Ибденов.

Астана. 17-сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда зейнеткерлік жасты арттыру есебінен 500 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарланған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Республикада зейнетақы жүйесін жетілдіру шеңберінде және әйелдердің зейнеткерлік жасын арттыру есебімен "Жұмыспен қамтудың жол картасын - 2020" қабылдап, жалпы саны 500 мың болатын жұмыс орнын құру жоспарланған, деп хабарлады Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Ибденов.

"2020 жылға дейін зейнеткерлік жасты арттыру есебімен 508 мың жұмыс орнын құру қажет. Бүгін Үкіметте бұл мәселе қаралды.

"Жұмыспен қамтудың жол картасын-2020" қабылдау жоспарланған", - деді С.Ибденов.

Сонымен бірге, ол жұмыспен қамтудың кешенді жәрдем жоспары - Бастама 50+ туралы айтты, ол егде жастағы халық арасында еңбекпен қамтуды қарастырады.

Осылайша, аталған бағдарлама "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы шеңберінде егде жастағы тұлғалар арасында кәсіпкерлікті дамытуды ынталандырудың қосымша шараларын жасауды қарастырады.

Сонымен қатар, егде жастағы тұлғаларды жұмысқа қабылдауды ынталандыруға бағытталған "Илеуметтік жұмыс орындары туралы" ҚР заңы жасалып, қабылданады.

Өз алдына, ҮИИДМБ шеңберінде әйел еңбегін кеңінен қолдану қарастырылған жобалар жүзеге асырылады.

Бұдан өзге, жұмыспен қамтудың арақашықтық формаларын пайдалану, егде жастағы адамдарға арнап әлеуметтік жұмыс орындарын ашу, жеке қосалқы шаруашылықта мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, шығарылатын өнімді өңдеу және халықтық-көркем кәсіптер арқылы үйдегі еңбекті дамыту есебінен өнімді жұмыспен қамтуға қол жеткізуді кеңейту жоспарланған.

Айта кету керек, еңбекпен қамтудың өңірлік жоспарларын құру, шағын және микркәсіпорындарды, ауыл кооперативтері мекемелерін қолдау қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны