20.10.2016, 15:01 4735

Қазақстанда Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры құрылады

"Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы" заӊ жобасы қылмыстық құқық бұзушылықтан жәбір көргендерге қаржылық өтемақы төлеудіӊ құқықтық негіздерін анықтайды.

Астана. 20 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда қылмыстық құқық бұзушылықтан жәбір көргендердіӊ жеке санаттарына өтемақы төленеді. Бұл туралы ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ҚР Парламенті Мәжілісініӊ жалпы отырысында хабарлады.

"Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы" заӊ жобасы қылмыстық құқық бұзушылықтан жәбір көргендерге қаржылық өтемақы төлеудіӊ құқықтық негіздерін анықтайды. Санаттар Қылмыстық кодекстіӊ 62 бабы бойынша анықталады. Заӊ жобасы қаржы өтемақысыныӊ мөлшерін анықтайды, бірінші кезеӊде ол құқық қорғау органдары сәйкес шараларды жүргізгенше жәбірленушілерге минималды қолдау көрсету болып табылады. Берілген өтемақы прокуратура органдарыныӊ қатысуымен кінәлі адамнан алынады", - деді Б.Сұлтанов.

Содан кейін кінәлі адамнан жәбір көрушіге бағытталған қаражатты алу сот арқылы шешілетіні атап өтілді, яғни әрекеттегі тәртіп өзгермейді.

"Төлем құралы Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры болып табылады. Оны құру әрекеттегі Қылмыстық-процессуалдық кодекспен қаралады. Қордыӊ жұмыс істеу тетігі Қазынашылықтағы бақылау шоты арқылы жүзеге асырылады. Бұл еӊ тиімді кесте болып табылады. Қордыӊ заӊды тұлғасы болмайды, басқару органдары мен әкімшілік шығындар да болмайды. Төлемдерді бақылау Қазынашылықта пысықталған іс-тәжірибе бойынша жүзеге асады", - деді министр.

Заӊ жобасына сәйкес қордыӊ төрт қаржыландыру көзі бар: сот айып салған бекітілген төлемдер; процессуалдық міндеттерді орындамағаны үшін ақшалай төлемдер; түзеу жұмыстары бойынша түсімдер; кінәлі тұлғадан өтемақыны кері қайтарып алу.

Министрдіӊ айтуынша, жәбірленушілердіӊ үш санаты анықталды.

"Бұл зорлық-зомбылыққа ұшыраған кәмелетке толмағандар, адам саудасы мен қинау құрбандары - 8 бап бойынша. Екінші санат - денсаулығына ауыр зиян келтірген немесе ЖҚТҚ/АҚТҚ вирусын жұқтырғандарға 19 бап бойынша. Үшінші санат - жәбірленуші оқиға кезінде қайтыс болса 35 бап бойынша жазаланады", - деді министр.

Оған қоса, заӊ жобасы жәбірленушілерге өтемақы мөлшерлерін қарастырады.

"8 бап бойынша жәбірленушілерге арналған өтемақы мөлшері 30 АЕК мөлшерінде қарастырылуда, бүгінгі есеп бойынша - бұл 63 мыӊ теӊгеден астам, екінші санат бойынша жәбірленушілерге 40 АЕК - бұл 84 мыӊ теӊгеден астам. 35 бап бойынша жәбірленуші қайтыс болған жағдайда - 50 АЕК, немесе 106 мыӊ теӊгеден астам. Мөлшер жәбірленушілер бойынша құқықтық статистика мәліметтері негізінде анықталған. Заӊ жобасы қордан төлемді төлеу тәртібін анықтайды", - деп түсіндірді Б. Сұлтанов.

Ведомство басшысы түсіндіргендей, құқық қорғау органдары құқықтарды түсіндіріп, жәбірленушініӊ жазған өтінішін қарайды, өтемақы белгілейді және Қазынашылыққа Төлем алушылар тізіліміне жібереді. Жәбірленушілерге өтемақы төлеуді Қазынашылық төлем алушылардыӊ банктегі есепшоты арқылы жүзеге асырады.

Сондай-ақ, тұрақты жұмыс жасауы үшін арнайы ережелер қарастырылған.

"Бұл заӊ жобасыныӊ жеке баптары бойынша орындалу мерзімдері. Ол қордағы ақшаны екі жыл бойы жинауға мүмкіндік береді, кейін алғашқы төлемдерді төлеу басталады", - деді министр.

Парламент Мәжілісініӊ депутаттары заӊ жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны