25.02.2013, 16:53 3160

Қазақстанда жалдамалы тұрғын үйді дамыту бойынша Тұрғын үй құрылыстық корпорациясы құрылды

Бұл туралы бүгін ҚР Өңірлік даму министрлігінің Тұрғын үй саясаты департаментінің директоры Кенжеболат Мыңбаев Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында мәлім етті.

Астана. 25-ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанда жалдамалы тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында "Қолжетімді тұрғын үй-2020" бағдарламасы шеңберінде Тұрғын үй құрылыстық корпорациясын құру қарастырылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін ҚР Өңірлік даму министрлігінің Тұрғын үй саясаты департаментінің директоры Кенжеболат Мыңбаев Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында мәлім етті.

"Қазақстандық ипотекалық компаниясы тарапынан жалдамалы тұрғын үй құрылысын дамыту шеңберінде жылына 530 мың шаршы метрге дейін тұрғын үй салу жоспарланған. Аталған механизмді жүзеге асыру үшін құрылыс индустриясындағы үздік компаниялармен және кәсіпорындармен жұмыс жасайтын тұрғын үй құрылыстық корпорациясын құру қарастырылған", - деді К.Мыңбаев.

Корпорация жұмысын бақылауды Құрылыс және ТКШ істері агенттігі жүргізеді. Жобалаудан бастап үйді қабылдауға дейінгі құрылыстың технологиялық үдерісі түгел бақылауда болады.

ҚИК тарапынан жалдамалы тұрғын үйді дамыту шеңберінде 35-86 шаршы метр болатын 3-4 кластық пәтерлер салу жоспарлануда, бір шаршы метрдің құны 100 мың теңгені құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны