27.07.2018, 15:41 5000

Қазақстанда жаӊа аумақтық сайлау комиссиялары құрылды

Қазақстан Республикасы Президентініӊ Жарлықтарына сәйкес Алматы облысында Кеген аудандық аумақтық сайлау комиссиясын, Түркістан облысында Жетісай, Келес аудандық аумақтық сайлау комиссияларын және Астана қаласында Байқоӊыр аумақтық сайлау комиссиясын құру туралы Қаулы қабылданды.

Астана. 27 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанда жаӊа аумақтық сайлау комиссиялары құрылды.

Тиісті Қаулы 2018 жылғы 26 шілдеде Берік Имашевтыӊ төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясыныӊ отырысында қабылданды.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заӊыныӊ 10-бабыныӊ 3-тармағына және "Астана қаласыныӊ шекарасын өзгерту туралы", "Алматы облысыныӊ әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістер туралы", "Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістер туралы" Қазақстан Республикасы Президентініӊ Жарлықтарына сәйкес Алматы облысында Кеген аудандық аумақтық сайлау комиссиясын, Түркістан облысында Жетісай, Келес аудандық аумақтық сайлау комиссияларын және Астана қаласында Байқоӊыр аумақтық сайлау комиссиясын құру туралы Қаулы қабылдады.

Сонымен қатар әкімшілік-аумақтық бірліктердегі халық санына сәйкес сайланатын мәслихаттар депутаттарыныӊ санын белгілеу ережелері, Қазақстан Республикасы аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары мөрлерініӊ үлгілері, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясыныӊ кейбір қаулыларыныӊ күші жойылды деп тану жөніндегі Қаулылар қабылданды.

ҚР ОСК БАҚ-пен байланыс бөлімі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны