10.12.2007, 14:38 1843

Қазақстанда жаңа БАҚ туралы заң қабылдануы мүмкін- мәдениет және ақпарат министрі

Қазақстанда жаңа БАҚ туралы заң қабылдануы мүмкін- мәдениет және ақпарат министрі

Астана. 10 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі ҚР " Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заңын қабылдауға қарсылық танытпайды және оны дайындап, қабылдауға дайын. Бұл туралы бүгін өткен үкімет сағаты кезінде ҚР мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев мәлімдеді.

"Мен министр ретінде, "Бұқаралық ақпарат құралдары" туралы жаңа заңына қарсы емеспін. Мәселе БАҚ туралы жаңа заңды қабылдау жөнінде бастама көтерілуінде. Біздің министрлік оған ашық әрі дайын", - деді Е. Ертісбаев депуттардың сауалдарына жауап берген кезінде.

Министр еске салғанындай, парламенттің үшінші шақырылымының бір топ депуттары "БАҚ" туралы жаңа жобасын жазып, онда "қазіргі қолданыстағы заңның 80% қайталаған" болатын. Ал заң шығару процедуралары бойынша, өзгерістер мен толықтырулар қолданыстағы заңның 50% артық болған жағдайда ғана жаңа заң қабылданады.

"Мен журналистер одағына, Қазақстанның журналистер конгрессіне, "Иділ сөз" қорына,"Интерньюс-Казахстан" және парламент корпусына біздің министрліктің қатысуымен "дөңгелек үстел" ұйымдастырып, онда қазіргі қолданыстағы заңды егжей- тегжейлі сараптап, біздің ұсынып отырған заңды талқылау жөнінде ұсыныс жасадым", - деді Е. Ертісбаев.

"Егер өзгертулер көлемі 50% жоғары болса, онда БАҚ туралы жаңа заңның қабылдануы мүмкін. Сондай-ақ, Қазақстанның ЕЫҚҰ төрағалық етуі біздерге білгілі бір жауапкершілікті жүктейді", -деп атап өтті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны